ДИКТОР: Қараша айының 25-і мен 27-сі аралығында Щучинск қаласында қысқы спорт түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығында биатлоннан жасөспірімдер мен ересектер арасында биатлоннан Қазақстан кубогы өтті.

STAND-UP: САБИНА ЖАМШИТОВА, ТІЛШІ: Жарыстың бірінші кезеңі басталды. Бұл жарысқа 8 өңірден спортшылар келіп, бақ сынасты.

РКС: Спорттық сайысқа келгендердің бірі - павлодарлық Әбдірахман Жақып. Ол биатлон спортымен 5 жыл айналысып жүр. Сан мәрте өз облысының чемпионы атанып, республикалық жарысқа жақсы дайындықпен келгенін көрсетті. Алайда, жүлдегерлер мен жеңімпаздар қатарынан көріне алмады.

СНХ: ӘБДІРАХМАН ЖАҚЫП, ҚАТЫСУШЫ (ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ): Бүгінгі жарыста жақсы нәтиже көрсете алмадым. Мен жасөспірімдермен бірге бастадым. Шаңғымен жүгірген кезде әлдеқайда жақсы көрсеткіш көрсетуге болушы еді. Сондай ақ, мылтықпен атқан кезде де нысанаға дәл ататындай мүмкіндік мен де болды. Күн бүгін жылы, жел де жоқ. Мылтықпен оқ атуға ешқандай кедергі болмады. Маған бұл спорт түрі өзінің атмосферасымен ұнайды және де оқ атуды, шаңғымен жарысды ерекше жақсы көремін.

РКС: Ерлер 7,5 километр қашықтықта бақ сынады. Ал, нәзік жандылар 6 километр жүгіріп, биатлонға арналған арнайы спорттық мылтықпен 22 колибрлық оқтармен атты. Мергендері мол ұпай жинады. Аталмыш жарысқа 128 биатлоншы қатысты.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: ЖАНБОЛАТ МҰСТАФИН, БИАТЛОННАН МЕМЛЕКЕТТІК ЖАТТЫҚТЫРУШЫ: Жарыс негізі 3 күн өтеді. Бірінші күні жаттығу жарыстары. Қарды көріп, қалай, дайындықтың бәрін сезіп. Өйткені бұл жарыс қысқы маусымдағы 1 ші жарыс болып табылады спортшылар үшін. Бұл жарыста бізде негізгі құрам емес, осы Қазақстанда қалған спортшылар қатысуда. Негізгі құрам қазір бізде Европада ұлттық құрама Финляндияда Әлем кубогының 1 ші кезеңі басталады. Осы қараша айының соңында және де юниорлар құрамы оларда қазір бізде Австрияда оқу жаттығу жиынын өтіп жатыр. Қалған спортшыларымыз үшін Қазақстан Республикасының кубогы ең маңызды жарыстар болып қазір табылады.

РКС: Жарыс қорытындысы бойынша ерлер арасында Владислав Малыков, ал жасөспірімдерден Трофим Коломин озып шықты. Әйелдер арасында бірініш орынды Дарья Климина иеленсе, жасөспірімдерден Анна Викулова топ жарды. Үздік үштікке кіргендерге Қазақстан Республикасының кубогы мен диплом табысталды. Жарыстың 2 кезеңі Щучинск қаласында желтоқсан айының 25 мен 27-сі өтпек.

САБИНА ЖАМШИТОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ