ДИКТОР: Көкшетауда облыстық әскери-патриоттық клубтарының оқушылары арасында «Үздік жас сарбаз» байқауы өтті. «Болашақ» корпоративтік қоры «Аманат» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатымен бірлесе отырып, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеп, еліміздің тарихымен таныстыру мақсатында байқауды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері ұйымдастырды.

РКС: Топта 5 адам жетекшімен бірге өздерінің шыңдалған өнерлерін, ептіліктерін және тапқырлықтарын көрсету үшін келді. Қатысушыларға арнайы киімдер берілді.

СНХ: ГҮЛНӘЗ ЖҮКЕНОВА, "АЙБЫН" ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ КЛУБЫНЫҢ МҮШЕСІ: Біздің осы жарысқа келеуміз жаттаудың көп пайласын әкеледі деп ойлайсын. Өткені біз оған тырысиқ және жаттықтық. Қүн сайын бізде өзіміздің тренировкалар өткен кезде біз стрельба жаттығуларын орындаймыз, автомат разборка, сборка өткіземіз, және кезгелген жаттығулар өтеді.Әрбір жарысқа сай. Және де менің өзімнің топтасым айтып өткендей осы жылы бізде Айбын клубында қыздар көбірек келеді.

СНХ: АЙДЫН ҚҰМАРОВ, "АЙБЫН" ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ КЛУБЫНЫҢ МҮШЕСІ: Мен Айбын әскери патриотық клубы туралы бірінші курста сол колледжге түскенде білдім. Ол клуб адамның патриотизмін оятады және де сол клубқа түскенде мен ол туралы ештене білмедім. Бірақ уақыт өте келе мен ол клубтың әртүрлі жарыстарын көрдім және де көптеген қызықты сәттер болдым мне үшін ол өте жақсы өттім. Бұл жарыс осы жалдағы мне бірінші жарсым емес, үшінші немесе, екінші жарсын ол жарысқа біз дайындал өлгемедік, мысалы менде уақыт

РКС: Жарыс бірнеше кезеңнен тұрды. Атап айтқанда, автоматты бөлшектеу және құрастыру, пневматикалық винтовкадан ату, спорттық нормативтер және интеллектуалды ойындар болды.

СНХ: ЕРБОЛ ДОСҚАРИН, ҚҰРЫЛЫС-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ: Алғашқы әскери дайындық пәнінің өзі оқуға міндетті пән ретінде жалпы білім беретін пәндер бағдарламасына енгізілген пән болып табылады. Әскери қызметке дайындық кезеңдерінің бірі алғашқы әскери-технологиялық дайындықты меңгеру болып табылады, сондықтан бұл пән балалар үшін өте қызықты. Оларды қызықтырады және жалпы әскери-патриоттық тәрбиені дамыту үшін қажет.

РКС: «Үздік жас сарбаз» сайысының қорытындысы бойынша жоғары техникалық колледж командасы 1 орынды еншіледі. Ал, Жанайдар Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі 2 орынды иеленсе, Көкшетау жоғары «Арна» колледжінен келген студенттер үздік үштікті қорытындылады.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ