ДИКТОР: Жыл басынан бері облысқа 15 мыңнан астам шетел азаматы келген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13 %-ке көп. Олардың көбі Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Ресей Федерациясынан келген азаматтар.

РКС: Қазақстанмен шекаралас елдерден келген еңбек мигранттары негізінен жұмыс пен жоғары жалақы табу мақсатында келеді.

СНХ: АННА ПОПОВА, ОБЛЫСТЫҚ КӨШІ-ҚОН ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Биыл облыс аумағына 15 мыңнан астам шетелдік келді, ТМД елдерінен - 14 мың, 1 мыңнан астамы алыс шетел азаматтары. Аймаққа көбіне Өзбекстан азаматтары келеді. Олардың саны шамамен 9 мың. Сондай-ақ, Ресей Федерациясы 2,5 мыңға жуық, Тәжікстан 1200 және Қырғызстан азаматтары 530 адам. Көші-қон полициясы бөлімшесі, полиция департаменті Қазақстан аумағына уақытша келген шетелдіктердің Қазақстан Республикасының Көші-қон заңнамасын сақтауы жөнінде шаралар қабылдауда.

РКС: Ал жыл басынан бері көші-қон заңнамасын бұзған 4 мыңнан астам мигрант әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, Мемлекеттік шекараны заңсыз қасақана кесіп өту және заңсыз көші-қонды ұйымдастыру фактісі бойынша 4 қылмыстық іс қозғалды.

СНХ: АННА ПОПОВА, ОБЛЫСТЫҚ КӨШІ-ҚОН ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін 2800 шетелдік жауапкершілікке тартылды. Шетелдіктердің келуін уақтылы хабарламағаны үшін 1214 қабылдаушы тарап әкімшілік жауапкершілікке, ҚР заңнамасын бұзып, шетел азаматтарын жұмысқа заңсыз тартқаны үшін 254 жұмыс беруші жауапкершілікке тартылды.

РКС: Көші-қон полиция басқармасы шетел азаматтарын Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға шақырады. Сондай-ақ, шетелдік азаматтар елге келісімен 3 күн ішінде құқық қорғау органдарына хабарлама беруі тиіс екендігін еске салады.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ