ДИКТОР: Степногорлықтар арасында дзюдо өте танымал. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде олимпиадалық спорттың бұл түрімен 160-қа жуық бала мен жасөспірім айналысады. Жаттығу барысы мен жеткіншектердің жеткен жетістіктері туралы тілшіміз Жанар Мұқышевның сюжетінде.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Арлан Темірболатов 12 жаста. Ол облыс бойынша дзюдодан спорт шеберіне ең жас үміткер. Алғашқы жаттығуға Арланды спорт мектебіне әкесі 6 жасында алып келген. Содан бері ол көптеген жарыстарға қатысып, жүлдегер атанып келеді. Қазір 60-тан астам медальдің иегері. Алдағы уақытта арманы асқақ Арлан ел, әлем чемпионы атану және олимпиадалық алтын алу деген мақсатты көздеп отыр.

СНХ: АРЛАН ТЕМІРБОЛАТОВ, ДЗЮДОДАН СПОРТ ШЕБЕРІНЕ ҮМІТКЕР: Мен Түркияда өткен халықаралық турнирде 3-ші орынды иелендім. Сондай-ақ Шымкентте өткен халықаралық турнирде 1-ші орын жеңімпазы атандым. Атырауда «BARAKAT-II» жарысында 2 орын алдым. Әр түрлі республикалық, облыстық және қалалық турнирлерде бірнеше мәрте жеңімпаз атандым..

РКС: Николай Дураченко 2015 жылдан бастап жас спортшыларды жаттықтырып келеді. Ол Қазақстан Республикасының екі дүркін чемпионы, сондай-ақ Дзюдодан Еуропа Кубогының «күміс» және Азия ойындарының «қола» жүлделерінің иегері.

СНХ: НИКОЛАЙ ДУРАЧЕНКО, ЖАТТЫҚТЫРУШЫ, ДЗЮДОДАН ҚР СПОРТ ШЕБЕРІ: Өте керемет дайындаламыз. Жақсы жағдайымызды жасап жатыр. Көп жарыстарға барамыз, республикалық, международный. Міне, бір жұма бұрын біз Германия еліне Франкфурт қаласына барып келдік. 54 мемлекет арасында бір бала 5 орын алды, бір бала 7 орын алды.

РКС: Жаттықтырушының айтуынша, Парижде өткен Олимпиада ойындарында Елдос Сметовтың жеңісінен кейін дзюдо спорт түріне қатысушылардың саны артты. Қазір жас дзюдошылар желтоқсан айында Ерейментау қаласында өтетін жарысқа дайындық үстінде.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, КАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, ЖҮРСІН ОМІРЗАҚ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ