ДИКТОР: Степногорск қаласында мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толуына арналған волейболдан турнир өтті. Жарысқа әр түрлі деңгейдегі депутаттардан құралған 6 команда қатысты.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Турнирге 60-қа жуық ойыншы қатысты. Спорттық іс - шара негізінен салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған, - деп атап өтті ұйымдастырушылар.

СНХ: МҰХТАР МАҚЫШЕВ – ТУРНИРДІҢ БАС ТӨРЕШІСІ: 6 команда қатысып жатыр. Бұлар облыстық мәслихаттың командасы, Зеренді аудандық, Степногорск қаласы мәслихатының, Степногорск қаласы активінің командалары. Степногорск қаласы әкімі аппаратының командасы және Степногорск өңірінің кенттері мен ауылдары әкімдерінің құрама командасы өзара бақ сынауда.

РКС: Қатысушылар арасында VIII шақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының ең жас халық таңдаулысы Александр Накошный да бар. Депутаттың айтуынша, бұл оның алғашқы сайлануы, сонымен қатар осындай сайыс барысында әріптестерімен жүздескеніне қуанышты екенін жеткізді.

СНХ: АЛЕКСАНДР НАКОШНЫЙ, VIII ШАҚЫРЫЛҒАН СТЕПНОГОРСК ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: Бізді аудандық, облыстық депутаттар бірге жиналып қолдап отыр. Бүгін өте маңызды оқиға. Депутаттар біздің еліміз үшін өте маңызды роль атқарады. Бұл билік пен халық арасындағы байланыс көпірі іспеттес. Себебі, ол халықты естиді, көмектеседі, халықпен бірге Қазақстанның болашағын қалыптастырады. Барлық депутаттарды осы мерекемен құттықтай отырып, мықты денсаулық, төзімділік пен ұзақ өмір,елімізге бейбіт өмір тілеймін./

РКС: Турнир барысында бірнеше жеңімпаз анықталды. Барлық кездесулердің қорытындысы бойынша бірінші орынды облыстық мәслихат командасы иеленді. Степногорск қаласының активіне екінші және Степногорск қалалық мәслихатының депутаттары үшінші орынға табан тіреді.

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.