ДИКТОР: Облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен студенттердің, белсенділер мен волонтерлердің қатысуымен лудомания және құмар ойындардың алдын алу мақсатында жастарға арнап диалог алаңын өткізілді.

КСМ: Бүгінде елімізде бұл дертке "шалдыққандардың" саны жыл өткен сайын артып барады. Қазір Қазақстанда шамамен 350 мың адам құмар ойындарға тәуелді. Әсіресе, қаладағы ойын клубтары мен букмекерлік кеңселерде спорттық ойындарға бәс тігіп, автоматтарға ақша салатын жастардың қатары көп көрінеді. Қиын өмірлік жағдайға тап болғандарға көмектесу өте маңызды. Бұл ретте алдын алу шараларын кешенді түрде жүргізу қажет. Лудоманияға шалдыққандардың ең әлсіз жері — ойлау қабілетінен айырылуы. Сәйкесінше, психологтардың көмегі керек.

СНХ: НҰРСҰЛТАН ОРЫНБЕКОВ, «АЛАЯҚ.НЕТ» ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ, ЗАҢГЕР: Лудомандар көп қарызға кіреді, ол қарыздан шығу үшін, ақшаның кіріс жолдарын іздейді. Лудомания ол қазіргі таңда жастар ғана емес, еліміздегі үлкен проблемаға айналып отыр. Оның жарнамасы, одан кейн жастардың арасындағы белді беделді блогерлер дейміз, инфлюнсерлердің ақша жарнамасы олардың барлығы жастарымызға әсер етеді. Лудомания – бір күндік күрес емес. Осындай жиындардың арқасында оның зияны туралы жастарға түсіндіріп айтатын боламыз. Лудоманды сырттан біліп тану мүмкін емес, осы жастардың арасында да отырған болса, мүмкін ойланар, немесе жақындарына ескертер деген оймен осындай кездесу шараларын ұйымдастырып отырмыз.

КСМ: Аталған дертке ұшыраған адамның бойында әлеуметтік, кәсіби, материалдық және отбасылық құндылықтар құлдырап, адамгершілік қасиеттері жойыла бастайды. Бұл проблеманың біздің елде де өткір тұрғаны белгілі. Соңғы үш жылда қазақстандықтар құмар ойындарға 1 трлн. теңгеден астам қаражат салған.

СНХ: НАЗЕРКЕ ЕРҚАНАТ, СТУДЕНТ: Қазіргі таңда көптеген жастар арасында оңай жолмен ақша табу, құмар ойындарға қызығу сияқты проблемалар көп кездесіп жатады. Және де Қазақстан Республикасы осы проблеманы шешу жолында осындай көптеген шараларды ұйымдастырып отыр. Осы арқылы проблеманың жолын табамыз деп ойлаймын.

КСМ: Лудоманияны жеңуге бағытталған шаралардың барлығы адамның сапалы өмір сүруіне жағдай жасайды. Сол себепті бұл бағыттағы жұмыстар жалғаса береді. Іс-шараның қорытындысы кезінде барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

ТОҒЖАН БАЙМЕНОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.