ДИКТОР: Көкшетауда жалпы ауданы 7 мың шаршы метрді құрайтын 3 қабатты жаңа мектептің құрылысы басталды. Көптен күткен білім беру ошағы «ҚазмЦинк» серіктестігі мен «Әлеуметтік жобаларды қолдау қоры» корпоративтік қайырымдылық қорының жеке инвестициялары есебінен салынады.
РКС: Бұрын бұл жерде 1963 жылы салынған мектеп болған. Тозығы жеткен ғимарат биыл наурыз айында бұзылды. №10 мектеп орналасқан бұл аумақта жаңа білім беру мекемесінің құрылысы басталды. Қазір Бармашино, Ущелье, сондай-ақ, Красный Ярға апартын жол бойында орналасқан жол айырылымы аудандарында және № 10 мектеп аумағында тұратын 200-ге жуық оқушыны уақытша екі автобус №9 мектепке тасымалдайды.
СНХ: ЕЛЕНА ГАВРИЛОВА, ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНЫ: Бұл мектепте өзім оқыдым. Бұл жерде жаңа мектеп салынатынын естіп, қуанып қалдық. Енді балаларымыз, немере-шөберелеріміз жаңа мектепте оқитын болады. Өте қуаныштымыз!
СНХ: ТАЛҒАТ ХАМИТОВ, СЕРІКТЕСТІК ӨКІЛІ: Бүгін біз жаңа мектептің құрылысын бастадық. Құрылысты белгіленген мерзімнен бұрын аяқтауды жоспарлап отырмыз. Құрылыс аяқталған соң барлық қажетті тексерістен өтіп, жаңа мектепті тамыз айында тапсырамыз деген үміттеміз. Қазір оның құрылысына 20-дан астам техника мен 50-ге жуық адам жұмылдырылды.
РКС:Жалпы білім беретін жаңа мектептің құрылысы 500 орынға шақталған. Мектеп аумағында жүгіру жолдары, воркаут және футбол, баскетбол алаңы салынбақ. Мектеп ғимаратында оқушылар үшін заманауи техникамен жабдықталған кабинеттер, 2 спорт залы, кең асхана және тағы да басқа мүмкіндіктер қарастырылған. Жылыту жүйесі автономды болады.
СНХ:МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Жаңа мектеп - мемлекет бюджетінің қаражаты емес, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында «Алтынтау-Көкшетау» кәсіпорнының демеушілігімен салынбақ. Жалпы кәсіпорын Көкшетау қаласының әлеуметтік дамуына облыс әкімдігімен келісім-шарт бойынша биыл 10 млрд теңге бөлді.
РКС: Мектеп бейнебақылау және «Alaqan» жүйесімен жабдықталады. Білім ошағы құрылысының бас мердігері «АлматыЭнергоСтрой» серіктестігі. Нысан құрылысы облыс әкімі Марат Ахметжановтың жеке бақылауында болады.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ