ДИКТОР: Биыл Ақмола облысында 964 тұрғын алаяқтардың құрбаны болып, 1,8 миллиард теңгеден астам шығынға ұшырады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс прокуроры мәлімдеді. Руфат Құттықовтың айтуынша, жалпы қылмыс саны да артқан. Брифингте айтылған тақырыптарды әріптесім Евгений Варанкин баяндайды.
РКС: Интернет алаяқтық азаймай тұр. Ақмолалықтар күн сайын қылмыскерлердің қақпанына түсіп қалуда. Бұл қылмыстарды ашу да қиын. Бүгінде небәрі 15 миллион теңге өтелді. Сондай-ақ, 64 дропперден 84 миллион теңгеден астам өндіріп алу жұмыстары жүргізілуде.
СНХ: РУФАТ ҚҰТТЫҚОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ: Криминогендік жағдай қылмыстың 6,6 пайызға өсуімен сипатталады. Облыста ең көп өсім қылмыстар тіркелгені ол алаяқтық қылмыстар санаты – 16 пайызға бүгінгі күні өсімін байқап отырмыз. Бүгінгі күні алаяқтар адамдарды алдап, қаражатын алу үшін жасанды интеллект, заманауи ақпараттық технологияларды қолдана бастады. Алайда, біздің тұрғындар әлі күнге дейін қарапайым тәсілдер – интернет арқылы сауда/саттық жасаудың, құқық қорғау органдарының, банктердің жалған қызметкерлері болып өздерін таныстырған алаяқтардың құрбаны болуда.
РКС: Әлеуметтік желілерді бақылау кезінде қаржы пирамидасына шақыратын «Лайм академия» компаниясының күдікті жарнамасы анықталды. Тексеру нәтижелері бойынша 2 адамға қатысты қаржы пирамидасын құру және оның жұмыс істеуі фактісі бойынша қылмыстық істер қозғалды. Сондай-ақ, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстар жүргізілуде. «Нашакорлыққа жол жок» акциясы аясында есірткі контенті бар 61 графикалық бейне тіркелді және жойылды.
СНХ: РУФАТ ҚҰТТЫҚОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ: 2024 жылы анықталған есірткі қылмыстары 13,5 пайызға артқан. Барлығы 340 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, оның ішінде 97 іс сотқа жіберілді, 166 іс жүргізілуде. Айналымнан 488 келі есірткі алынды, оның ішінде 129 келі синтетикалық, 359 келі өсімдік тектес есірткі. Президенттің тапсырмасы бойынша прокуратура органдары маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бойынша жұмыс жүргізуде. Инвесторлар мен бизнес бойынша 190 миллиард теңгеге жобаларды іске асыратын 24 инвестордың проблемалық мәселелері шешілді. 5 мыңнан астам кәсіпкердің құқықтары қорғалды, біздің қадағалау актілеріміз бойынша жауапкершілікке 30-дан астам адам тартылды.
РКС: Кездесу барысында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері облыстық прокуратура өкілдеріне өткір сұрақтар қойды. Олардың ішінде азаматтар прокуратураға жиі жүгінетін мәселелері туралы. Руфат Құттықов азаматтар прокуратураға көбінесе жол, сумен жабдықтау және басқа да әлеуметтік мәселелермен жүгінетінін атап өтті.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.