ДИКТОР: Көкшетау боксының көкжиегін кеңейткен бапкерлер Амангелді Балтабаев, Оразғали Ақанов, Сағынтай Жаманкөзов және Қуанышбек Әжіғұловтың есімі ешқашан ұмытылымайды. Соның айғағындай осымен 18 мәрте марқұмдарды еске алуға арналған республикалық турнир жалауын көтерді.
РКС: Көкшетаудағы Қажымұқан атындағы спорт кешенінің боск залында турнирдің ашылу салтанаты өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген жасөспірім боксшылар сап түзеп ортаға шықты. Оларға бокс ардагерлері ақжолтай тілектерін айтып, шаршы алаңда жеңіс тіледі.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Жарыстың алғашқы күні шаршы алаңға 70-тен астам жұп шығып күш сынасты. Балғын боксшылардың жеңіске деген жігері бірден байқалды. Әр салмақ дәрежесінің күштілері алдағы кездесулерге жолдама алды.
СНХ: ГЕРМАН ГУБЕР, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ /ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ/ : Мен бұл жарысқа көп уақыт дайындалдым. Әр өңірден келген қарсыластарымның тактикасын зерттедім. Сөйтіп турнирдің 1-ші күні жеңіске жетіп, алда тағы бірнеше кездесу өткіземін.
РКС: Қызылту өңірінен түлеп ұшқан белгілі балуан әрі бапкер Марат Жармағанбетов боксшылар турниріне қатысатын немересіне жанкүйер болып келіпті.
СНХ: МАРАТ ЖАРМАҒАНБЕТОВ, ҚР ҚҰРМЕТТІ СПОРТ ҚЫЗМЕТКЕРІ: Өзім жаныма балуандықты серік етіп, оны бапкерлікпен ұштастырған адаммын. Немеремнің боксты қалап алғанына еш өкінбеймін. Ол осынау турнирде Зеренді ауданының намысын қорғайтын болады. Құдайға шүкір, қазақ балуандары әлемді мойындатып жатыр. Енді боксшы ұл-қыздарымыз, сол жолды жалғастырса нұр үстіне нұр.
РКС: Өмірден ерте озған бокс бапкерлерлерін еске алуға арналған республикалық турнир Көкшетаудағы Қажымұқан спорт кешенінде одан әрі жалғасуда.
ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ КӨКШЕ АҚПАРАТ