ДИКТОР: Көкшетауда қарашаның 10-12 аралығында «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен 2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар байқауының облыстық кезеңі өтті. Аталмыш жарысқа өңірдің түкпір-түкпірінен 150-ден астам оқушы қатысуға ниет білдірді.

РКС: «Зерде» байқауы оқушыларға зерттеу жұмысын жүргізу дағдыларын, зияткерлік-шығармашылық әлеуетін дамытуға мүмкіндік береді. Байқауға қатысуға барлығы 211 жоба келіп түскен. 12 бағыт бойынша ең өзекті 136 жоба қорғауға қабылданды.

СНХ: БОТАКӨЗ ДҮЙСЕНОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бүгінгі күні облыстық Зерде зерттеу жобаларының қорытыныды кезеңі өтті. Біз ол жобаларды университеттің оқытушыларына сараптамадан өткізуге тапсырамыз. Жақсы сараптама анализ жасалып, сондай-ақ Дарын орталығы бар, дарынды балалармен жұмыс істейтін облыстық орталық, сол орталықта арнайы антиплагиат бағдарламасы бар. Сол антиплагиат бағдарламасы арқылы бұл жұмыстардың барлыңы зерделенді. Балалар өздерінің алған жұмыстарын әділ-қазылар алдында қаншалықты дәлелдей алды, қаншалықты олардың сөйлеу тілдері дамыған. Сол жағын барлығын зерделей келе, әділ-қазылар алқасы осы орындарды тағайындады. Бастауыш сынып оқушылары болғаннан кейін біз максималды түрде марапаттауға лайық деп есептедік. Барлық оқушылар бүгінгі күні қатысушы ретіндегі сертификаттарын алды.

РКС:Қатысушылардың арасында Бурабай ауданының 7-ші сынып оқушысы Жалғас Елтай бар. Бұл байқауда «Математика, қолданбалы математика» секциясы бойынша «Еasy multiplication» бағдарламасын қолдана отырып, балаларға көбейту кестесінің қызықты қыр-сырларымен таныстырды.

СНХ: ЖАЛҒАС ЕЛТАЙ, ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНЫҢ №7 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ОҚУШЫСЫ: Бұл жобаны біз жетекшім екеуіміз дайындадық. Бұл жобаны екі ай ішінде аяқтадық. Бүгін осы байқауда мен 2-ші орын алып отырмын. Мен өте қуаныштымын.

РКС:Байқау қорытындысы бойынша 114 оқушы жүлдегер атанды. Олар 1,2,3 дәрежелі диплом және грамоталармен марапатталды. Ал облыстық кезеңде 1-ші орын иеленген 21 оқушы республикалық кезеңге жолдама алды.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ