ДИКТОР: Отандық ғалымдар әзірлеген "Alaqan" жүйесі облыстағы мектептерге енгізілуде. Бүгінге дейін 79 білім беру мекемесінде орнатылды. Мектепке кіру, кітапханадан оқу материалдары мен асханадан тамақ сатып алу осының бәрі енді тек "Alaqan"жүйесі арқылы қол жетімді болады.

РКС: "Alaqan" биометриялық жүйесі оқушылар мен қызметкерлердің жеке тұлғасын құрылғыға жанаспай анықтайды, демек инфекциялардың берілуін болдырмайды. Қызмет алақандағы тамырлардың үлгісін тану арқылы жұмыс істейді. It-лицейдің жоғары және орта сынып оқушылары жаңа технологияға үйреніп қалған, бірақ бастауыш сынып оқушыларына мұғалімдер көмектеседі.

СНХ: ДІНМҰХАМЕД ТАЛҒАТОВ, ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ IT-ЛИЦЕЙДІҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Алақан өте ынғайлы және де қауіпсіз ережлерге сай жүйе болып табылады. Біздің мектепте ол алғаш рет, осы жылдың қыркүйек айында енгізілді.

РКС: Мектепке кіру "Alaqan" жүйесі арқылы жүзеге асады. Дәл осындай бағдарлама кітапхана мен асханада орнатылған. Ата-аналар үшін тегін бағдарлама жасалды, онда олар баласының бір күнде сатып алған тамақ түрлерін көре алады. Сондай-ақ, олардың балаларында аллергиялық реакция тудыратын өнімдерді алып тастауға құзыреті бар, - дейді мамандар. Айта кету керек, кейбір ата-аналар бұл жүйені түрлі себептермен қолдамайды, сондықтан олардың балаларына арнайы карталар беріледі.

СНХ: ҚАДЫРОВ БАҒДАТ, АҚМОЛА ӨҢІРЛІК БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Егер ата-ана Алақан жүйесінен бас тартса.. Баланың алақан арқылы өтуі қажет деп есептемейтін категория бар, мұндай балаларға карточкалар беріледі. Мұның бәрі жақсы ойластырылған, сол себептен бала кедергісіз мектепке кіре алады.

РКС: Биыл жауапты тұлғалар 91 мектепте аппараттық-бағдарламалық кешенді цифрлық білім беру ресурстарымен интеграциялау, мектеп асханасында және басқа да сервистермен тамақтануды есепке алу және төлеу бойынша қауіпсіздік жүйелерін қамтамасыз етудің 75 процентіне қол жеткізуді жоспарлап отыр.

САБИНА ЖАМШИТОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА,БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ