ДИКТОР: Жыл басынан бері аймақта экстремистік-террористік және сепаристік сипаттағы 18 қылмысық іс-қозғалды. Облыстық полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы террористік және экстремистік сипаттағы жағдайларды анықтау, алдын-алу, және болдырмау мақсатында тұрақты негізде шаралар атқарып келеді.
РКС: Тіркелген 18 фактінің 8-і бомба туралы жалған хабарлама. Терроризм актісі туралы жалған хабарлама үшін айыппұл немесе 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру қарастырылған. Бұл қылмыстық кодекстің 273-бабында көрсетілген.
СНХ: ЕРКІН МӘМБЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ЭКСТРЕМИЗМГЕ ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: Анықталған фактілер бойынша жұмыс атқарылып жатыр. Қылмыстық іс аяқталып, сотталған азаматтар да бар. Ерейментау ауданының тұрғыны Қылмыстық Кодекстің 273-бабы, яғни жалған бомба туралы хабарлама таратқан. Басында қызық көріп, жалған хабарлама таратқан азамат оқиғаның соңы келеңсіз жағдайдға әкелетінін білмеді. Ол 2,5 жылға бас бостандығынан айрылды. Сондай-ақ өткен жылы астаналық мектеп оқушысынан бомба қойылғаны туралы хабарлама түсті. Жалған нөмірді пайдаланғанына қарамастан, кәмелекте толмаған баланың кім екенін бірден анықтадық. 14 жасқа толмағандықтан ол қымыстық жауапкершілікке тартылған жоқ. Алайда оның заңды өкілдері, яғни ата-анасына үлкен айыппұл салынды.
РКС:Сондай-ақ әлеуметтік желілерді пайдала отырып, ұлтараздық өшпенділікті тудыратын жағдайлар да кездеседі. Түрлі теріс пиғылды ағымдардың ықпалына көбіне жастар ілігіп жатады.
СНХ: ЕРКІН МӘМБЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ЭКСТРЕМИЗМГЕ ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: Сондай-ақ Украинадағы жағдайды пайдаланатын шетелдік блогерлер бар , олар біздің елімізде өзге ұлттардан тұратын, негізінен орыс тілді қоғам ішіне іріткі салып, алауыздық тудырады. Мысалы, Пан Василий деген блогер бар, ол бірнеше рет осы мақсатта біздің азаматтарымызды әлеуметтік желі арқылы арандатқан. Нәтижесінде үш адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Сондықтан азаматтарды мұндай провокациялық видео-контенттерге назар салмауды сұраймыз. Сондай-ақ, заңсыз миссионерлер мен радикалды идеяны тарататын азаматтардың діни қызметін анықтауға бағытталған алдын алу шараларының нәтижесінде биыл облыстың 72 тұрғыны жауапкершілікке тартылды.
РКС: Қазіргі уақытта облыста діни ахуал тұрақты. Дегенмен экстремизм мен террориистік сипаттағы мәселелер әрқашан өзекті. Өңірде терроризмнің алдын-алуға бағытталған түрлі профилактикалық шаралар, ақпараттық түсіндіру жалғасуда.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ