ДИКТОР: Көкшетауда 22 жасар жігіт ажал құшты. Полицияның мәліметінше, ол қаланың ойын-сауық орындарының біріндегі қақтығыс кезінде көз жұмды. Марқұм Красный Яр ауылының тұрғыны болған. Осы факті бойынша полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Күдікті бірден ұсталды. Сондай-ақ, жанжалдың барлық қатысушылары анықталып, ұсталды. Оларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

СНХ: БАҚТИЯР УТКИН, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Біз көрсетілген фактілер бойынша мұқият және объективті тергеу жүргіземіз. Сондай-ақ тергеу барысы басшылықтың бақылауында.