ДИКТОР: Қорғалжын ауданындағы құрылыс саласына 1 миллиард 200 миллион теңге қаражат бөлінді. 1,5 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Жұмыс сапарының барысында облыс әкімі Марат Ахметжанов кейбір нысандардың құрылысымен танысты.
РКС: Қорғалжын ауылында 2023 жылдың мамыр айынан бастап дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде. Биыл республикалық бюджеттен 425 миллион теңге бөлінді. Жобада шағын футбол алаңы мен воркаут аймағы қарастырылған. Ғимараттың металл қаңқасы және терезелері орнатылып, су құбыры мен кәріз жүйесі тартылды. Аумақты абаттандыру жалғасуда. Мердігер ұйым өкілінің айтуынша, нысанның дайындығы 65 пайыз.
СНХ: АҚИЫҚ НОҒАЙ, УЧАСКЕ БАСТЫҒЫ: Осы спорткомплекс салынып отыр. Здание 2 блоктан тұрады. А және Б блогы. А блогымыз 650 квадрат, Б блогымыз 1012 квадраттық спорт кешен. Стеналар сэндвич панельден жасалған, кровля сэндвич панельден. Чистовой отделкамен тапсырамыз. Жоспар – келесі жылғы уақытына дейін тапсырамыз.
РКС: Сондай-ақ, облыс әкімі тұрғын үй құрылысымен танысты. Қорғалжын ауылында Ғабдуллин көшесінде 10 екі пәтерлі тұрғын үй салынуда. Мердігер құрылысты осы айдың соңында аяқтаймыз деп отыр. Бұл үйлерді халықтың әлеуметтік осал топтары үшін сатып алу жоспарлануда. Облыс әкімі мердігерге бұл жағдайда құрылыстың сапасын бақылау және барлық міндеттемелерді орындау аса маңызды екенін еске салды.
ЛЮФТ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ: Көлемі шықпаса, сапасы келмесе. Это же товар. Объявляется тендер по параметрам. Если нет такого жилья, которое подходит по параметрам, то никто и не будет покупать его.
РКС: Айта кетейік, ауданда халықтың әлеуметтік осал топтары үшін тұрғын үй сатып алуға жарты миллиард теңге бөлінді. Сонымен қатар, бірқатар елді мекендерде абаттандыру жүргізілуде. Аудандық бюджеттен 200 миллион теңге бөлінді. Шалқар, Қорғалжын, Кеңбидайық, Жантеке және Арықты ауылдарында жарықтандыру желілері орнатылды.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.