ДИКТОР: Агрометеоролог Айгүл Қантаева - агрометеорология саласында 17 жылдан астам тәжірибесі бар өз ісінің маманы. Ол климат пен ауа-райының ауыл шаруашылығына әсері туралы терең білімге ие, бұл оған фермерлер мен агрономдарға арналған ұсыныстарды сәтті әзірлеуге мүмкіндік береді.

РКС: Айгүл Қантаева Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында дүниеге келген. 2002 жылы Шоқан Уәлиханов университетіне "Агрономия" мамандығы бойынша оқуға түседі. Биыл маман Ресей гидрометеорологиялық университетіне "спутниктік метеорология, жаһандық климат" мамандығы бойынша оқуға түсіп, біліктілігін арттыруға шешім қабылдаған.

СНХ: АЙГҮЛ ҚАНТАЕВА, "ҚАЗГИДРОМЕТ" РМК ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ЖЕТЕКШІ ИНЖЕНЕР-АГРОМЕТЕОРОЛОГЫ: Мен өсімдіктерді жақсы көремін, университетке түскеннен кейін біз егістіктерге бардық. Біз әртүрлі тәжірибелер жасадық. Олар мәдени өсімдіктердің өсуін, дамуын бақылап, талдаулар жасады. ауыл шаруашылығы басқармасында жастар тәжірибесінен өтіп, басшымның ұсынысы бойынша мен "Қаздиромед"РМК филиалына орналастым.

РКС: Агрометеорологтың негізгі міндеті - агрометеорологиялық бақылау жүргізу. Сонымен қатар, ауа-райының дақылдың өсуі мен дамуына қалай әсер ететінін зерттеу және талдау жасау.

СНХ: АЙГҮЛ ҚАНТАЕВА, "ҚАЗГИДРОМЕТ" РМК ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ЖЕТЕКШІ ИНЖЕНЕР-АГРОМЕТЕОРОЛОГЫ: Жұмыс күніміз бізде барлық бақылау пункттерін тексеруден басталады, өйткені бізде автоматика көп, желі автономды режимде жұмыс істейді ме, жоқ па тексереміз. Біз өз пунктермізде алдыңғы ауысым қалыпты өтті ме, қандай проблемалар бар, жағдай тұрақты ма соны тексереміз.

РКС: Айгүл Қантаева жылдар бойы фермерлермен жұмыс істеп келеді. Облыстық, аудандық кеңестерде маман күзгі, қысқы кезеңге болжамды деректерді ұсынады. Маман мұнымен тоқтап қалмайды. Оның жас қызметкерлерді оқытуға, жаңа нәрсені үйренуге және әлемді тануға деген ұмтылысы жоғары.

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ