ДИКТОР: Биыл 10 айының қорытындысы бойынша Ақмола облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті еңбек заңнамасының талаптарын сақтау мақсатында облыстың 164 кәсіпорындары мен ұйымдарына тексеру жүргізді.

РКС: Мемлекеттік еңбек инспекциясы қабылдайтын шаралар қызметкерлердің еңбек құқықтары бұзылуының алдын алуға және болдырмауға, облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарында еңбек жағдайларын және еңбекті қорғауды жақсартуға, оның ішінде жалақыны уақтылы төлеуге бағытталған.

СНХ: УАҚЫТ БЕЙСЕМБАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 164 кәсіпорындары мен ұйымдарында 189 бұзушылық анықталды. Еңбек қатынастары бойынша 158 бұзушылық, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша 28, халықты жұмыспен қамту бойынша 3. Бұзушылықтарды жоюға жұмыс берушілерге 104 нұсқама берілді. Еңбек заңнамасын неғұрлым өрескел бұзғаны үшін 65 лауазымды және заңды тұлғаларға 10 жарым миллионнан аса шамасында әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылды және де 11 ескерту шығарылды. 2024 жылдың басынан бастап жеке және заңды тұлғалардан 1488 өтініші қаралды, оның ішінде жалақы бойынша - 680, заңсыз жұмыстан босату мәселесі бойынша 362 арыз түскен. Басқа да арыздардың саны - 373, сол арыздардың ішінде 73 өтініш беруші өз арыздарын қайтарап алды.

РКС: 2024 жылдың басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары облыстың 32 кәсіпорнында 153 қызметкердің алдында 176 миллион теңге шамасында жалақы берешегін анықтады. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 140 миллион теңге шамасында берешек ішінара төленді. Осы кәсіпорындардың басшыларына 32 ұйғарым беріліп, 6,5 миллион теңгеге әкімшілік айыппұлдар салынды.

СНХ: УАҚЫТ БЕЙСЕМБАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 2024 жылғы есептік кезеңі ішінде облыста өндірістік байланысты 52 жазатайым оқиға орын алды, оның ішінде үшеу – ол топтық оқиға. 55 адам зардап шекті, оның ішінде 13-і өліммен аяқталды өкінішке орай. Барлық жазатайым оқиғалар бойынша арнайы тергеп-тексерулер жүргізілді, өндірістегі жазатайым оқиғалар туралы актілер жасалды, олардың нәтижелері бойынша жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің кінәсінің үлесі айқындалды. Олар бойынша барлық материалдар іс жүргізу шешімдерін қабылдау үшін ішкі істер органдарына берілді.

РКС: Айта кетейік, 2023 жылдың осы кезеңі ішінде 285 кәсіпорны тексеріліп, 270 бұзушылық анықталды. Сонымен қатар бұзушылықтарды жоюға жұмыс берушілерге 194 нұсқама берілді.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.