ДИКТОР: 2029 жылға дейін өңірдің өнеркәсіптік өндірісі 1,5 есе өседі. 2025-2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы бекітілді. Облысқа тән аграрлық-индустриялық бағытты ескере отырып, биыл жалпы өңірлік өнімінің 107 пайызға өсу деңгейі күтілуде.
РКС: Ауыл шаруашылығы саласындағы өсім 174,6 пайыз болады деп күтілуде. Оған биылғы рекордтық жиын-терім, яғни 6,6 миллион тонна астықтың жиналғаны әсер етті. 2029 жылға дейін алқаптарды ұлғайту мен ылғал үнемдеу технологияларын кеңейту арқылы астық өндірісін және шығымдылықты арттыруға баса назар аударылады.
СНХ: ГҮЛНАР БОЛАТБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 2024 жылдың қорытындысы бойынша құрылыс саласындағы жұмыстарының көлемі 112,9 пайыз деңгейінде болжануда, ал 2029 жылға дейін 1,7 есе өседі деп күтілуде. Барлық қаржыландыру көздері есебінен 3,7 миллион шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда.
РКС: 2025 жылы өңір қалаларында сумен қамтамасыз ету 100 пайызға жетпек. 2028 жылға дейін сумен және жылумен жабдықтаудың жаңа желілерін салу, сондай-ақ жеті елді мекенді газдандыру жоспарланған. Білім беру нысандарында күрделі жөндеу жүргізуге қаржыландыру ұлғайтылмақ.
СНХ: ГҮЛНАР БОЛАТБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Қазіргі кезде 510 мектепте инклюзивті білім беру үшін жағдай жасалған немесе 96 пайыз. 2024 жылы «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында 12,2 мың орынға 9 жоба іске асырылуда, оның ішінде Целиноград ауданында 7 мектеп, Көкшетау қаласында 2 мектеп.
РКС: 2025 жылдан бастап жыл сайын 18 мың жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған. Ол жастар және әлеуметтік осал топтар арасында жұмыссыздықты азайтуға және кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.