ДИКТОР: Биыл Қорғалжын ауданында 3 инвестициялық жоба іске асып, 6 жұмыс орнын құрды. Жыл соңына дейін тағы 20-дан астам жаңа жұмыс орны ашылмақ. Алайда, облыс әкімі Марат Ахметжановтың айтуынша, 7 мыңға жуық тұрғыны бар ауданның әлеуеті толық көлемде пайдаланылып жатқан жоқ. Өңір басшысының халықпен есептік кездесуі барысында тағы қандай тақырыптар көтерді? Сюжеттен көріңіз.
РКС: Қорғалжын ауданының өңір өнеркәсібіне қосқан үлесі өте аз. Жалпы көлемінің небәрі 0,1%. Мұнда жалғыз орташа өндіріс ет өнімдерін шығаратын кәсіпорын жұмыс істейді. Оның өзі толық қуатта істеп отырған жоқ. Аудан басшылығына жағдайға талдау жүргізу, сату жолдарын реттеу және жаңа іргелі жобаларды қарастыру тапсырылды. Өндіріс дамымаса, бюджет толықпайды. Бұл ауданның одан әрі өркендеуіне кедергі келтіреді, - деді өңір басшысы.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ - АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Егер үлесі ортақ үлеске өте төмен, ол көбінесе ол ауданда өндіріс жоқ деген мәселе. Сол себепте, екінші мәселе – еңбек ақы төлеу қоры. Ол дегеніміз, Қорғалжын аудан 80 % жалақы алатын ол бюджеттен. Мемлекеттік қызметте, мектептерде жұмыс істейтін. Ол өте төмен көрсеткіш. Бүгін жалпы облысымызда бізде 50-50 боп тұр бұл жағдай. Ал кейбір аудандарда 30-40% ғана бюджеттен алады. Қалғанын – өнеркәсіп, ауыл шаруашылық.
РКС: Егер есептерге қарасақ, инвестициялық және өндірістік көрсеткіштер өсуде. Алайда, бұл нақты нәтижелер тұрғындардың өмір сүру сапасына әсер ету керек. Ауданның ең басты бағыты агроөнеркәсіп секторы болуы тиіс, - деді Марат Ахметжанов. Астанаға жақын орналасқандықтан елорданың азық-түлік белдеуі беретін мүмкіндіктерді қолдану қажет. Биыл 180 мың тоннадан астам астық жиналды. Оны өңдеуді дамыту қажет. Жалпы, ауыл тұрғындарының бизнес-бастамаларын қолдау, тұрғындардың мемлекеттік қолдау бағдарламалары туралы хабардар ету қажет. Ауданда туризмді түлетуге мүмкіндік бар.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ – АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫІ ӘКІМІ: Қазақ халқын әлемге таныс еткен қоқиқаз құс. Ол басқа жерде жоқ қой. Осы жерде ғана. Қазіргі уақытта 2008 жылы ЮНЕСКО-ның табиғи мұралары тізіміне енгізіліп, 2012 жылы тағы да сол ЮНЕСКО-нің шешіммен Қазақстандағы жалғыз ЮНЕСКО-нің қамқорлығына алынған Қоржалғын қорығы. Теқ қана біздің елдің мақтанышы емес ол, әлемнің мақтанышы. Сондықтан мына туризм саласы неге дамымай отыр, тікелей сұрақ қоюға болады бағдарламалары туралы хабардар ету қажет. Ауданның туристік саланы дамыту үшін бірегей мүмкіндігі бар.
РКС: Облыс әкімі Марат Ахметжанов бірқатар қорғалжындықтың аудан дамуына қосқан елеулі үлесін атап өтті. Өңір басшысының алғыс хаттары әлеуметтік сала, білім беру, денсаулық сақтау және өзге де сала қызметкерлеріне берілді. Бұдан әрі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өтті. Қорғалжын ауданы ақсақалдар кеңесінің төрағасы Мұхит Ахмет ауданға инвестиция, адами капитал тартудың және ауылдардағы шаруашылықтарды қолдаудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, тұрғындар білім беру, жол салу және жөндеу, мәдени нысандарды жөндеу тақырыптарын көтерді.
НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.