ДИКТОР: Осыдан бірнеше жыл бұрын Есіл қаласында белгілі жекпе-жек шебері Қанат Шармағамбетов жергілікті ұл-қыздарды Шығыс жекпе-жек өнеріне үйрете бастады. Бүгіндері оның шәкірттері сан алуан жарыстарда жүлдегер және жеңімпаз атанды.
РКС: Жеке меншік «Ишим» спорт клубы ашылсымен Есіл ауданында балалар спорты қанатты қарқынмен дамыды. Әсіресе, Шығыс жекпе-жек өнерінің өрісі кеңейді.
СНХ: ҚАНАТ ШАРМАҒАМБЕТОВ, БАПКЕР: Қаламызда спорт клубы ашылғаннан бері бірнеше шәкіртіміз Азия әлем чемпионаттарында жеңіске жетті. Жақында ғана Қарағандыда өткен әлемдік жарыста Анатолий Винеченко чемпион болды. Қыздар арасында шәкіртім Мәдина Әбішева қола жүлдегері атанды. Алда бізді бірнеше жауапты жарыстар күтіп тұр.
РКС: «Ишим» спорт клубына Есіл ауданының іргелі ауыл шаруашылық құрылымдары қаржылай көмек көрсетіп келеді.
СНХ: АНАТОЛИЙ ВИНЕЧЕНКО, УШУ САНДАЙДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ: Мен 51 келі салмақта өнер көрсетеміз. Қарағандыда өткен Әлем чемпионатына кілең күштілер келді. Соларды жеңіп шықтым. Осы орайда бапкерім Қанат Шармағамбетовке алғысым шексіз.
РКС: Жекпе-жек өнерімен өрімдей қыздар да жалықпай жаттығып жүр.
СНХ: МӘДИНА ӘБІШЕВА, УШУ САНДАЙДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ: Қарағандыда өткен Әлем чемпионатында қола медальға қол жеткіздім. Онымен тоқтап қалмаймын. Аянбай тер төгіп дайындалып, қарымта қайтарамын.
РКС: Қазіргі таңда Қанат Шармағамбетовтің қарамағында 40-тан астам ұл-қыздар Шығыс жекпе-жек өнерінің қыр сырын меңгеруде.
ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ «КӨКШЕ АҚПАРАТ».