ДИКТОР: Көкшетаудағы «Оқжетпес» көпбейінді балалар мен жасөспірімдер мектебінің жекпе-жек залында қоян-қолтық ұрыстан Ақмола облысының біріншілігі өтті. Оған 10-18 жас аралығындағы үміткерлер қатысты.

РКС: Спорттың бұл түрі жылдамдықты, қарсыласты жақыннан және қашықтан сезініп, соққы жұмсауды қалайды. Татамиге шыққан әр өреннің бойынан жеңіске жеген жігер сезілді. Әрине, мықты дайындықпен келгендерінің мерейі үстем болды. Балғындар арасында танымал бапкер Анас Нұркештің шәкірті 12 жасар Артур Пфляум болашағынан үміт күттіретін өрен екендігін көрсетті.

СНХ: РОМАН БАРАНОВ, АТА-АНА: Мен бүгін балам Артурға жанкүйер болып келдім. Бүгін ол аздап қобалжыды. Деседе татами үстінде жақсы шайқасты, бапкеріне алғысы шексіз

СТЕНДАП: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ-ТІЛШІ: Қоян қолтық ұрыс мықтап дамып келе жатыр.

СНХ:ТЕМІРЛАН ҚАЛИХАН, СПОРТШЫ: Мен өз қарсыласымыды әбден зерттедім. Нәтижесінде ұпай санымен ұттым. Алда бізді бірнеше жарыс күтіп тұр. Соған қызу дайындық жасаймыз.

ИНТЕРШУМ:

СНХ:МАДИЯР ИСЛАМБЕК, СПОРТШЫ: Қоян-қолтық ұрыс өте қиын және күрделі спорт түрі. Онда шығыс жекпе-жек өнерінің бірнеше әдісі бар. Соларды игерсең ғана жеңіске жетесің.

РКС: Осынау жарысқа спорт жанашырлары қолқабыс жасады. Солардың бірі танымал спорт менеджері – Дархан Қасымов өз ойын ортаға салды.

СНХ:ДАРХАН ҚАСЫМОВ, «ОҚЖЕТПЕС» КӨПСАЛАЛЫ БАЛАЛАР БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Біздің спорт мектебінің материалдық-техникалық базасы жыл сайын жақсарып келеді. Әр түрлі жарыстарды жиі өткіземіз. Бүгін қоян-қолтық ұрыс спортымен айналысатын жасөспірімдер күш сынасып жатыр. Олардың алаңсыз сайысы үшін барлық жағдайды туғыздық. Бұл жақта осы балалардың ел намысын қорғайтын спортшы болатындарына сенімдімін.

РКС: Тартысты өткен сайыс барысында ең мықты спортшылар жүлдегер және жеңімпаз атанды.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ