ДИКТОР: Балаларды оқыту мен тәрбиелеудің заманауи әдістерімен қатар олардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру басты міндеттердің бірі. Көкшетау қаласындағы «Арман» бөбекжайының қызметкерлері бұл бағытта бірқатар жұмыстар атқаруда. Жақында Біртұтас тәрбие бағдарламасы шеңберінде «Аналар мектебі» клубының мүшелері мен балалардың қатысуымен арнайы шара өтті.
РКС: Балабақша тәрбиешілері асық ойынын үйрету арқылы бүлдіршіндердің бойына ұлттық құндылықтарды сіңіруді ұйғарды. Бұл атрибут олардың қазақтың дәстүрлі ойынының мәнін түсінуі үшін пайдаланылды. Асықтардың көмегімен ата-аналар мен бүлдіршіндер әртүрлі интеллектуалдық, шығармашылық бірнеше тапсырма орындады. Мысалы, бір ойын арқылы балғандар аяқ киімнің бауын байлауды үйренді. Айта кету керек, бөбекжай жанындағы «Аналар мектебі» клубының құрамында 25 ана бар.
СНХ: АЙНУР ӘЛКЕЕВА, «АНАЛАР МЕКТЕБІ» КЛУБЫНЫҢ МҮШЕСІ: Жаңа біз бірнеше ойын түрлерін ойнадық, соның ішінде асық ойнау дегенмен өзім кішкентай кезімде анамен ойнаған кезде жақсы тәрбие беретін ойын. Кішкентай қызым осы "Арман" балабақшасына биыл ғана келіп отыр, кішкентай топта және өзінің осындай шараға қатысып белсенді болғанына өте қуаныштымын.
РКС: Бөбекжайдың дене шынықтыру нұсқаушысы Айгүл Мәдиева мұндай заманауи ойындар балалардың асық атуға деген құштарлығын оятады, сондай-ақ ұсақ моториканы, ептілікті және тапқырлықты дамытады. Жалпы, олардың физикалық және психологиялық дамуына үлкен пайдасы бар,- дейді.
СНХ: АЙГҮЛ МӘДИЕВА, «АРМАН» БӨБЕКЖАЙЫНЫҢ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ НҰСҚАУШЫСЫ: Барлық бұйымдарды мен өз қолымнан жасағанмын. Заманауи үлгіде жасаған ойындарым да бар. «Шетпек» деген ойын бар, «Тайқазан» деген ойын бар, содан басқа бізде «Бильярд» ойыны бар. Оны мен жаңа заманауи үлгіде ойнатып, балаларды асық ату ойына пайдаланып жүрмін. Бұл ойын ойнағанда балалар қызығып ойнайды. Қазіргі таңда балалардың көбісі телефонда отырады. Ата-аналарымыз барады да ақпаратты қолына телефонды беріп қояды. Соның орнына біздің ата-аналар келіп, жас ата-аналар көрсе. Сол телефон орнына осы асық ойындарын ойнатса, үйде отырып ойнауға болады.
СНХ: ЖАНАР ЖҮНІСОВА, "АРМАН" БӨБЕКЖАЙЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жаңағы ұлттық құндылықтарды насихаттау өте маңызды. Әсіресе, міне, қазіргі жас шеткі шектелген, жаңадан ғана аяқтан басып келіп жатқан бүлдіршіндерді ұлттық құндылық нақышта тәрбиелеу, ол біздің басты мақсатымыз. "Арман" бөбекжайымыз біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында былтырғы жылы «Аналар мектебі» клубы жұмысын бастады. Міне биылғы жылы екінші жыл жұмыс атқарып келе жатырмыз.
РКС: Бөбекжайдағы балалар жас ерекшеліктеріне қарай 16 топқа бөлінеді. Мұнда бүгінде 350-ге жуық мектеп жасына дейінгі балғын тәрбиеленуде.
САБИНА ЖАМШИТОВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.