ДИКТОР: Көкшетауда ескі тұрғын үйлерді жаңғырту бағдарламасы аясында апатты үйлерді бұзу басталды. Реновацияның басты мақсаты- тозығы жеткен тұрғын үй мәселесін шешу. Бағдарлама аясында бұзылған үйдің иесіне заманауи инфрақұрылыммен жабдықталған жаңа абаттандырылған тұрғын үй кешенінен пәтер беріледі.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Реновация бағдарламасы аясында алғашқы болып Уәлиханов – Гоголь, Саин – Быковский көшерлерінің шаршы аумағында орналасқан тұрғын үйлер таңдалды. Мұнда алты 8 пәтерлі үйдің орнына бір жылда заманауи тұрғын үй кешендері бой көтереді. Бұл учаскеде барлығы 75 ескі үйді бұзу жоспарлануда. Олардың орнына жаңа тұрғын үй кешендері салынып, тұрғындардың баспана жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.
СНХ: АЗАМАТ БАЙҚУАНЫШЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРЫЛЫС, СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Маусым-шілде айларынан бастап жергілікті тұрғындармен келіссөз жүргізіліп, тұрғын үйлер сатып алынды. Бүгінде 48 пәтер сатып алынды. Қазір алғашқы 4 үй бойынша бұзу жұмыстары дайындық үстінде. Олар - Тілендиев 3, Уәлиханов 206, 208 және Быковский 4 көшелеріндегі орналасқан тұрғын үйлер. Келесі аптада тағы екі үй бұзуға дайын болады. Олар - Быковский 6 және Быковский 8. Үйлерді сатып алу шеңберінде тұрғындарға тиісті бағалау құны бойынша ақшалай өтемақы берілді. Олар үйлерін босатып үлгерді.
РКС:Тұрғын үй қорын құруға облыстық бюджеттен 700 млн теңге бөлінді. "Реновация" бағдарламасына іліккен 6 үйдің пәтер иелеріне ақшалай өтемақы берілді. Бұл жерде 234 пәтерге шақталған екі тұрғын үй кешені салынады. Құрылысты 2025 жылдың соңына қарай аяқтау жоспарланған.
СНХ:ӘНУАР КҮМПЕКЕЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: Бүгін маңызды оқиға. Қазақстанда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту тұжырымдамасы аясында "Реновация" бағдарламасы бекітілді. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту арқылы халық жайлы да лайықты баспанамен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ қаланың сыртқы келбеті де көркейе түседі.
РКС: Жалпы, «Реновация» бағдарламасы аясында қала бойынша 11 аумақты жаңғырту көзделген. Жоспар бойынша 800-ге жуық жеке және көппәтерлі үй бұзылмақ. Бағдарламаны тиімді іске асыру мақсатында "Көкше" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы жанынан басқарушы ұйым құрылды. Мердігерлік ұйымдар конкурстық негізде айқындалатын болады, - деп атап өтті мамандар.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫМБЕК, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ