ДИКТОР: Темірдің бабын тауып, көрігін қыздырған, ерекше қасиетке ие темір ұсталары қазіргі таңда санаулы. Дегенмен дәл осындай ұсталардың бірі-Ертай Сәрсенов туралы бірі білсе, бірі білмейді. Тілшіміз Нұрсәуле Мұратқызының материалына кезек берсек.

РКС: Қосшы қаласының №3 мектебінде технология пәнінен сабақ беріп келе жатқан, өзі Еуразия дизайнерлері қоғамының мүшесі, темір ұстасы Ертай Сәрсеновтың қолынан шыққан бұйымдар әртүрлі көрмелер мен сатылымдарда сұранысқа ие. Оның қыз-келіншектерге арнап жасаған әшекей бұйымдары халықаралық деңгейде де танымал. Зергерлік өнердің қыры мен сырына қанық, оны өз қолымен жасап, елдің ықыласына бөленіп өскен Ертай Сәрсеновтың қазіргі таңда өнерін үйреніп, қызығушылық танытып отырған оқушылары да бар. Ол үнемі жанына шәкірттерін жинап, төске темір ұрып, үскісімен үгіп жұмыс істеп отырғанын көресің.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: ЕРТАЙ СӘРСЕНОВ, ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ, ҰСТА: Әр зергерлік өнердің бәрі қарапайым шынжыр тоқудан басталады.Қарапайым металлдардан мысалы,кезінде атам қазақ қарапайым жезден, күмістен жасаған, алтыннан жасаған деген секілді. Сол секілді мыс металлын алып отырмыз осы жерде. Жұмысқа өте ыңғайлы және дәнекерлеуді барлығын жақсы көтереді. Отпен қыздырған кезде де шыдамды, төтеп береді. Өзіміздің көнеден келе жатқан өнеріміздің бір түрі ғой бұл зергерлік өнер дегеніміз. Енді бұл жұмысты жасау барысында, металды түгел бала өзі дайындайды.Сымсуірден тартады, жаңағы вальц аппарат дейді, сонымен басады. Содан кейін жаңағы арнайы шеңберлер жасап, соны дәнекерлеп содан кейін жаңағы шынжыр қылып тоқу барысы барлығы шамамаен бір аптадай, болмаса екі аптадай уақытты алады әрине бұл. Зергерлік өнер деген керемет, адамның уақытын көп алады, бұған шыдамдылық керек, төзімділік керек дегендей.

РКС: Бағзы заманнан халық темір ұстасына ерекше құрметпен қарап, айшылық алыс жерден арнайы алдырып, еңбегіне сәйкес сый-сыяпатын беріп разы етіп отырған. Темірдің бабын тауып, оны өзінің икеміне келтіріп мүсін шығарып, безендіре білу де үлкен шеберлік пен ізденісті қажет етеді. Әрі технология пәні мұғалімі ретінде де, ұлттық құндылықтың сарқылмай өз кезегінде болашақ ұрпақтың бойына сіңіп, жалғасын табуына талмай еңбек етуде. Ұлттық болмысқа сай, ұлттық құндылықтың жаңғырып, ұсталық өнердің жеткіншек ұрпаққа дәріптелуі жолында Ертай Сәрсенов тек темірден, күмістен ғана әшекей бұйымдар жасап қоймай, ағаштан кішігірім кәдесыйларды да дайындайды.

СНХ: ЕРТАЙ СӘРСЕНОВ, ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ, ҰСТА: Қазақтың ұлттық ойыны бар бізде,асық. Асық ойыны дейді, асығың алшысынан түссін деген қазақтың сөзі бар, ұлы сөз. Көне ойынымыз,осыны қайтадан жарыққа шығару барысында осыған байланысты кішігірім кәдесый және осы болашақта бұл тек қана кәдесый жасап қоймайды бұл кейін осыларды жасап, туристер бұған қатты қызығады.Көрмелерге қойған кезде өздеріне осыны тұтынып жатады.Сол сияқты өзіміздің қара домбырамыз дейді,кәдесыйымыз. Осы домбыраны шетелден келген туристер тұтынады бізден көп жерде тұрады.

РКС: Көрігі оттан түспеген, бағзыдан келе жатқан зергерлік өнер жолын жалғастырушы Ертай Сәрсенов сынды азаматтардың еңбегі еленіп жатса нұр үстіне нұр болар еді. Мектепте мұғалім ретінде шәкірт даярласа қолы қалт еткен уақытта қыз-келіншектер қауымына арнап түрлі әшекейлерді жасап халықтың алғысын алып келе жатқан жан. Көз майын тауысып жасаған бұйымдарының сұраныста болып,өз иесін тауып жатса бұл да шебердің жұмысының бағаланып жатқаны болар.

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ КӨКШЕ АҚПАРАТ