ДИКТОР: Ақмола облысының қайырымдылық қорлары халықтың осал топтарын қолдауға бағытталған түрлі әлеуметтік бастамалармен айналысады. Олардың жұмысының негізгі бағыттарына балалар мен жастарға көмек көрсету, қарттарды қолдау, мүгедек адамдарды әлеуметтік бейімдеу жатады.

РКС: Өңірде «Ашық жүрек» қайырымдылық қоры аясында Көкшетауда «Рахмет» әлеуметтік қолдау орталығы 2016 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатыр. Облыс бойынша орталықтың тағы 8 елді мекенде еріктілер ұйымы бар.

СНХ: ОЛЕСЯ ЖАГПАРОВА, «АШЫҚ ЖҮРЕК» ҚОҒАМДЫҚ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Бұрын біз тек науқас адамдарға, науқас балаларға көмектесумен айналыстық. Бізде күні бойы хаттармен айналысқан арнайы қызметкер болды. Біз жеке кәсіпкерлерге, ірі ұйымдарға балалары емдеуге жіберу үшін жүгіндік. Осылайша өте сәтті жұмыс істедік. Осы жылдар ішінде 50-ден астам баланы оңалтуға, емдеуге жібердік. «Рахмет» әлеуметтік қолдау орталығы тізбек принципі бойынша жұмыс істейді. Қаламыздың тұрғындары бізге заттарын алып келеді. Оларды тегін әкеліп, қайырымдылық жасайды. Заттарды осында сұрыптап, жуып, тігіп, үтіктейміз. Кейін ауылдарға жіберу үшін сөмкелерге саламыз.

РКС: Аз уақыт ішінде қарапайым әлеуметтік дүкен біртіндеп нағыз қайырымдылық қорына айналды және екінші дүкен ашу туралы шешім қабылданды. Самұрық-Қазына қорынан грант ұтып алып, дүкен қала орталығына көшіп, өз сайты да құрылды.

СНХ: НЕЛЛИ МУРКАЕВА, ДҮКЕН ҚЫЗМЕТКЕРІ: Мұнда көріп тұрғаныңыздың барлығы көкшетаулықтар заттарын алып келеді. Заттарды лақтырып тастаудың қажеті жоқ, бізге әкеліңіз. Біздің екі мекен-жайымыз бар – Пушкин көшесі 18, Әуелбеков көшесі 126. Мұның бәрі мұқтаж адамдарға керек. Біз сияқты салада мүгедек балаларды көру оңай емес. Оларға көмектесетін ешкім болмаған кезде. Сондай-ақ, бізде көптеген ұйымдар бар, кем дегенде аздап көмектесе алатын бай ұйымдар бар. Мұқтаж адамдарға емдеуге де қаражат жинауға болатын еді. Жақсылық жасасаң, ол әрқашан қайтып оралады.

РКС: Көптеген қорлар жергілікті тұрғындарды қайырымдылық акциялары мен іс-шараларға тарту арқылы еріктілікті белсенді түрде дамытады, ол әлеуметтік байланыстарды нығайтуға және қоғамға белсенді қатысуға ықпал етеді. Бұл бастамалар адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға ғана емес, сонымен қатар аймақтағы қайырымдылық мәдениетін қалыптастыруға көмектесетіні сөзсіз.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.