ДИКТОР: Зеренді ауданында Қазақстан мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара өтті. Шара барысында мәслихаттардың соңғы үш онжылдық жетістіктері, олардың жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға, халықтың өмірін әлеуметтік-экономикалық жақсартуға және өңірдің негізгі мәселелерін шешуге қосқан үлесі атап өтілді.
РКС: Салтанатты шараға түрлі шақырылымдағы депутаттар, ардагерлер, қоғам қайраткерлері және жергілікті әкімшілік өкілдері қатысты. Депутаттық корпусты атаулы күнімен құттықтауға Қазақстан Республикасы парламент мәжілісінің 7-ші, 8-ші шақырылым депутаты Юлия Кучинская келді.
СНХ: ЮЛИЯ КУЧИНСКАЯ, ҚАЗАҚСТАН ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: Мәслихат депутаттары, жергілікті атқарушы органдар азаматтарға, сайлаушыларға мемлекеттің барлық бастамаларын жеткізетін, оларды іске асыруға ықпал ететін адамдар. Мәслихат депутаттары сайлаушылармен үнемі байланыста болып, олармен барлық мәселелерін, қуаныш пен қайғыларын бөлісетіндер. күнделікті жұмыс, уайымдардың барлығы мәслихат депутаттар, жергілікті атқарушы органдар мойнына түседі. Өңірлердегі тұрақтылығы, аудандардың дамуы көбінесе өкілдік және атқарушы органдардың қызметіне байланысты.
РКС: Іс-шара барысында қатысушылар аудандық мәслихаттың даму тарихын, депутаттар мен жұртшылықтың бірлескен жұмысының арқасында қол жеткізген жетістіктерін атап өтті. Сондай-ақ, Зеренді ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына белсене қатысқан депутаттардың үлесі атап өтілді.
СНХ: АРМАН ОСПАНОВ, ЗЕРЕНДІ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: Биыл мәслихаттың атқарушы органдарына 30 жыл толады. Мәслихаттар шешім қабылдауда, Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауда үлкен роль атқарады. Ауыл шаруашылығында, мәдениетте, спортта біздің еліміз үшін маңызды шешімдер қабылдайды. Біз депутаттық корпус ретінде халқымыздың игілігі үшін жобаларды іске асыруға бар күшімізді саламыз.
РКС: Шара соңында аудандық мәслихат депутаттарының еңбегін мойындау үшін ең белсенді азаматтар мерейтойлық медальдармен және алғыс хаттармен марапатталды.
Интершум:
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫМБЕК, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.