ДИКТОР: Көкшетау қаласында Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің жылжымалы отырысы өтті. Президенттің «Әділ Қазақстан: Заң және тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм» жолдауын іске асыру шеңберінде құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тақырыптары талқыланды. Сондай-ақ, комитет мүшелері полиция департаментінің бірқатар нысандарын аралады.
РКС: Комитет мүшелері полиция департаментіне қарасты бірқатар нысандарының жұмысымен танысты. Оның ішінде №2 учаскелік полиция пункті бар, сондай-ақ it-мектеп-лицейіне барып, қауіпсіздікті арттыруға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға ықпал ететін технологиялық шешімдермен танысты. Оларға "Alaqan Mektep" биометриялық сервисі және Targeteye бейнебақылау жүйелерін басқару платформасы ұсынылды. Қазіргі уақытта өңірде 75 оқу орны арнайы бағдарламалар бойынша жұмыс істейді. Жылдың соңына қарай тағы 20 мектепте қауіпсіздік жүйесі орнатылмақ.
ЛЮФТ:
РКС: Полиция қызметкерлеріне 22 қызметтік автокөліктің кілті табысталды. Бұл полицияның жұмыс жағдайын жақсарту мен материалдық-техникалық базаны нығайтудағы маңызды қадам. Жаңа автокөліктер заманауи жабдықтармен жабдықталған. Атап айтсақ, жоғары дәлдікпен жылдамдықты анықтайтын жүйе орнатылған. Сондай-ақ, оның көмегімен жол ережесін бұзушылар туралы мәліметтер құқық қорғау органдарына уақтылы түсіп отырады.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Отырыс барысында құқықтық тәртіп жүйесін жақсарту бойынша бірқатар мәлелелер талқыланды. Мұнда азаматтардың құқықтарын қорғау және жергілікті орындарында полиция жұмысының жағдайын жақсарту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
СНХ: НҰРЛАН БЕКНАЗАРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: Цифрландыру дамығаннан кейін барлық өңірлерде, барлық жерлерде бізде әртүрлі бақылау камераларын пайдалану бағдарламалары бар. Соларды тарату, пайдалануын кеңейтіп, оны барлық құзырлы органдардың орталығына енгізіп, бір жүйеде болуын, бір-бірімен ақпарат алмасуын, жедел түрде әрекет жасау мәселесін көтереміз.
РКС: Өңірде соңғы үш жылда қылмыс саны 25% - ке азайғаны атап өтілді. Сондай-ақ, биыл есірткі заттарын тарату фактісіне қатысты 200-ге жуық құқық бұзушылық анықталып, 34 есірткі заттарын таратушы ұсталды. Осыған байланысты профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде.
СНХ: НҰРСҰЛТАН МҰҚАШЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ: Отбасылық-тұрмыстық қатынас сипаттағы құқық бұзушылықтар бойынша 397 қылмыстық іс тіркелді. 2 мыңнан астам рейдтік шаралар өткізілді. 43 ойын-сауық орындарының иесі кәмелетке толмаған жастарды түнгі уақытта қабылдағаны үшін жауапкершілікке тартылды.
РКС: Отырыс қорытындысы бойынша елімізде құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шараларды одан әрі іске асыру және жетілдіру үшін ұсыныстар әзірленді.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЗАРИНА БЕККАЛИЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ