ДИКТОР: Көкшетауда «Нашақорлыққа жол жоқ» акциясы аясында нашақорлық пен құмарлыққа тәуелділіктің алдын алуға бағытталған бірегей квест өтті. Шараны «Зерделі ұрпақ» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жоғары көпсалалы азаматтық қорғау колледжінің студенттері өткізді.
РКС: Аталмыш квест ойынға жоғары оқу орнының студенттері қатысып, түрлі тапсырмалар орындап, белсенділік танытты. Ойын барысында студенттер жағымсыз әдеттермен күресу, физикалық және психикалық денсаулықты нығайту туралы ақпарат алды. Басты мақсат - салауатты өмір салтын насихаттау.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: ГҮЛНАР ОРАЗБАЕВА, «ЗЕРДЕЛІ ҰРПАҚ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: Нашақорлық пен құмарлыққа тәуелділіктің алдын алуға бағытталған квест ойын алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Жастар да қызығушылық танытып, өздері ойын түрлерін ойлап тапты, қазылар алқасы ретінде бізді шақырып, барынша шараны ұйымдастыруға атсалысты. Мұндай бағыттағы шараларды көптеп өткізу – күн тәртібіндегі маңызды істердің бірі екені даусыз.
РКС: Мамандардың айтуынша, жастардың бұл тақырыпты өз ортасында насихаттауы маңызды рөл атқарады. Себебі бір-біріне ықпал ету арқылы өзіне де, өзгені де зиянды әдеттерден аулақ болып, қазіргі дерттің қасіретінен сақтануға әсер етеді.
СНХ:АДРИАН КУБЕРСКИЙ, ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: Квест студенттердің арасында өтті. Шараның мақсаты жастарға есірткі және уытқұмарлыққа тәуелділіктің зиянын жеткізу. Қазір есірткі заттарын тарату кең таралған және қолжетімді. Оның салдарынан адам бар дүние-мүлкінен айрылып, отбасының берекесін кетіреді. Ешкімнің басына мұндайды тілемеймін. Айтарым, кез-келген адам өз денсаулығына немқұрайлы қарамауы тиіс.
РКС: Шараға қатысушылар профилактикалық ойындардың мұндай форматы жастарға оң әсер етіп, олардың бойына салауатты өмір салтын насихаттауға айтарлықтай үлес болмақ.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ