ДИКТОР: Балабақшада балғындардың тәрбиесімен көбінесе қыз-келіншектер айналысады. Ер азаматтың мұндай кәсіпті таңдап, бүлдіршіндердің тәрбиесімен айналысуы сирек кездеседі. Ал, Щучинск қаласындағы балабақшалардың бірінде ер азамат тәрбиеші болып жұмыс істейді. Әріптесім Лаура Дәулетбек тәрбиегі ағаймен тілдесіп, жұмысымен танысып қайтты.
ИНТЕРШУМ:
РКС:Арман Досмағамбетов 2011 жылдан бері балабақшада тәрбиеші.13 жыл қатарынан балдырғандармен тіл табысып, олардың жан-жақты дамуына үлес қосып келеді. Алғашында ата-аналарер адамның балабақшада тәрбиеші болып жүргенін қабылдай алмағанын жасырмайды.
СНХ:ДИАНА ҚҰРЖЫБАЕВА: Мен өз баламды бергенде ойлаған жоқпын. Осылай ер адам әйел адам сияқты бере алатынын. 2 ай ішінде менің балам өте сіңіп кетті. Арман Карибаевичті өте жақсы көреді. Таңертең жыламай тез атып тұрады. Барғысы келіп тұрады. Біз балабақшаға берейін дегенде біздің бала бармаймын деді жылап. Сосын осы шағын орталықты көрейік деп келгенбіз. Бірінші күннен бастап шағын орталығына үйреніп кетті. Біз өте соған қуаныштымыз! Арман Карибаевичқа көп-көп рахмет айтамыз. Алғысымыз шексіз ол кісіге.
РКС:Уақыт өте келе оныңтобына ұл-қызын бергісі келетін ата-аналар көбейген. Арман Досмағамбетовтың негізі мамандығы бастауыш сынып мұғалімі. Бірақ,ол ұстаздық жолды емес, тәрбиешілікті таңдаған. Осылайша,бұл қызметті"тек әйелдердің мамандығы"деген пікірді жоққа шығарғысы келіпті.
СНХ:АРМАН ДОСМАҒАМБЕТОВ, БАЛАБАҚША ТӘРБИЕШІСІ: Қазір қоғамда көріп жатырмыз ғой мысалы неше түрлі әкелер бар. Сол әкелерге үлгі болсын деп мен осы жұмысты таңдадым. Және мен ойлаймын менің өмірлік миссиям. Өйткені, елге пайдалы болу, қоғамға пайдалы болу, ата-аналарға пайдалы болу. Мына өсіп келе жатқан ұрпаққа пайда беру мен үлкен бір өзіме міндет, мақсат және миссия деп таңдап алдым. Махаббат, мейірім, бауырмалдық керек. Мысалы, таңертең балаларды отырғызғаннан кейін біз амандасамыз балалармен міндетті түрде. Одан кейін әр баланы құшақтап жаңағыдай қалың білуге тырысамын. Қалың қалай, денсаулығын қалай, кіммен келдің? Осындай әдіс-тәсілдерді қолданамын өзім. Өйткені, бұл баламен арадағы жақын байланысты көрсеткенде, бала өзі тәрбиешіге қарай тартылады. Жақсы көреді сол кезде.
РКС:Бөбектердің сүйіктісіне айналған тәрбиеші ағайдың ұжымдағы беделі жоғары.Өз ісін жақсы көретін азаматты әріптестері ерекше құрметтейді.
СНХ: ЛӘЗЗАТ ЕГЕМБЕРДИЕВА, БАЛАЛАР-ЖАСӨСПІРІМДЕР ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Орталыққа келген балалармен қалай жұмыс істейді, қалай қарсы алады. Соған қарап көңіліміз толды. Әрі жаңағы ол кісінің білімі, дипломы жағынан барлығы сәйкес келіп тұрды. Конкурстан өткеннен кейін ол кісіні қабылдадық. Сол уақыттан бері қарай табан ауыстырмай бұл кісі осы орталықтың тұрақты тәрбиешісі. Балалармен тез тіл табысады.Өзі балажан. Балаларға өзінің қамқорлығын аямайды. Баланың тәрбиесі барысында ер азаматтың тәрбиесі ол ерекше.
РКС:Кейіпкеріміз "Бала тәрбиесімен және күтімімен негізінен анасы айналысуы керек" деген пікірмен келіспейді. Керісінше, бұл ретте ер адамның атқаратын рөлі маңызды дейді. Айта кетейік, Арман Кәрібайұлы Ақмола облысындағы мектепке дейінгі мекемелердетәрбиеші болып жұмыс істейтін жалғыз ер азамат. Ол көптеген байқауда жүлделі орын иеленіп, өзінің білікті маман екенін сан мәрте дәлелдеген.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ