ДИКТОР: Ұлттық өнерді үйренумен қатар, оның технологиясын толық меңгеру, ұлттық құндылығымызды саф қалпында жеткізу болашақ алдындағы үлкен міндетіміздің бірі. Бұл кәсіптің қыры мен сырын меңгерген шеберлер білгенін үйретуден жалықпай келеді. Тілшіміздің материалына кезек берсек.
РКС:Киіз басу көнеден келе жатқан ұлттық қолөнердің бірі. Қазіргі таңда бұл өнер жаңарып, жасарып, түрленіп келе жатқанын анық көруге болады. Қосшы қаласындағы №3 мектебінің технология пәні мұғалімі Сәттігүл Мүтәліп мектеп оқушыларына меринос қойдың жүнінен бірнеше сағат ішінде киізді жасап шығуға болатынын іс жүзінде көрсетіп жүр.
СНХ: СӘТТІГҮЛ МҮТӘЛІП, ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ: Қазір бізде замануи меринос қойының жүні өзіміздің Қазақстанда өндіріледі. Осы дайын жүнмен оқушыларға киіз басуды көрсетіп, үйретіп жатырмыз. Ең бірінші біз осы жүннен киіз басу үшін, жасалу жолдары жүнді алдымен біркелкі көлденеңінен қойып шығамыз. Кейіннен екінші қатарында тігінен қойып шығамыз бұл жүнді, жүніміз қалың болуы үшін.Қалыңдап біркелкі түскеннен кейін арнайы мата арасы тесік, жүннің үстіне жабамыз. Бұның үстіне су себеміз.Су жылы су болуы керек. Ішінде сабын араласқан, сабынды су болуы керек. Себебі ол сабынды су жүндерді бір-біріне ұстап тұруына көмектеседі.
СНХ: ЖАНАР БАЛДЕКОВА ҚОСШЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ № 3 МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ: Былтыр білесіздер, осы оқу - ағарту министрілігінің ұсынысы бойынша біртұтас бағдарламасы енгізілген. Сол бойынша біздің мектепте үлкен жұмыстар атқарылып жатыр. Соның бірі, біз ұжым болып, әкімшілік болып ұлттық нақыштарды біздің осы мектептің сырт келбетіне, ішкі келбетіне безендіруді жөн көрдік. Қарап отырсаңыздар, біздің кез-келген қабырғамызда ұлттық құндылықтар енгізілген.Сол арқылы біз балаларға ұлттық тәлім-тәрбие берудеміз.
РКС: Киіз басу еңбек әлеуетін ғана арттырып қоймай, бірігіп жұмыс істеуге үйретеді. Өсіп келе жатқан жеткіншектерді де желпінте отырып, еңбек әлеміне баулиды. Бұл өнердің қызығымен қоса, қиындығы да бар.
СНХ: СӘТТІГҮЛ МҮТӘЛІП, ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ: Жүнді орап басып жатқан кезде, адамның көңілі, пейілі, жақсы көңілмен істемейтін болса, жақсы көңілмен жұмыс жасамайтын болса ол киізі бірікпейтін болған. Сондықтан киіз басқан кезде, жұмыс жасаған кезде жақсы көңіл күймен, жақсы ниетпен жұмысты бастау керек екен.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Ұлттық қолөнер туындыларының құны артып, бүгінгі таңда үлкен сұранысқа ие. Сондықатн Сәттігүл Мүтәліп шәкірт тәрбиелеуді, ұлттық өнерді насихаттауды жалғастыра бермек.
НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ