ДИКТОР: Көкшетау «Мәдениет» сарайында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Құрмет орденінің иегері Қапаш Құлыштың 75 жасқа толу мерейтойына арналған «Ән ғұмырым- сұлу Көкшем» атты есеп беру концерті өтті. Шығармашылық кешке барып қайтқан тілшіміздің материалына кезек берсек.

РКС: Арқаның дәстүрлі ән өнерін дәріптеген кәсіби әншілеріміздің ізін басып, ісін жалғастырып келе жатқан Көкшенің төл тумасы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, белгілі педагог Қапаш Құлыш жерлестерінің назарына тың концерттік бағдарламасын ұсынды. Асқақ рух пен өршіл сезімге, нәзік иірім мен тұнық дыбысқа құрылған ән жезтаңдай әншінің орындауында сахна төрінде қалықтады.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Кеште, әнші көпшіліктің сүйіп тыңдайтын «Сұлу Көкше», «Көк айдай», «Япурай-ай», «Біздің жақта» сияқты әндерін орындады. Қапаш Құлыш соңғы жылдары Қазақ ұлттық университетінде дәріс беруде. Профессор атағын алған өнер иесінің шәкірттері Қапаш Құлыштың кейінгі толқын өнер иелерін өсірудегі өнегелі ісі болса керек.

СНХ: ҚАПАШ ҚҰЛЫШ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ӘРТІСІ: Енді мен әр келген сайын өзімнің жеріме, Көкшеме мен қанаттанамын, кәдімгідей бір аспанға ұшып кетемін. Өйткені менің өмірімнің барлығы, анамнан туғаннан бастап, әкемнің күшімен туғаннан бастап менің жан-дүнием, бүкіл болмысым, табиғатым осы Көкшетаумен байланысты. Мен халыққа ризамын. Біздің Көкшенің өнерін артымдағы мына жастарға баулып, соларға қанат қақтырдым. Сондықтан сол балаларды өсіру керек. Оларға қамқор болу керек.

РКС: Дәстүрлі ән өнерінің падишасы атанған әншінің қоңыр дауысы тыңдаған көпшілікті бір сілкінтіп тастады. Халық әнінің мақамын сағынып қалған қара қауым, сахнаға ағылып, Қапаш Құлышқа деген ілтипаттарын білдіріп жатты.

СНХ: ШОЛПАН ЕШКЕЕВА, КӨРЕРМЕН: Астанадан келіп отырмын. Бүгінгі өте жақсы кешке өте қуаныштымын. Қапашты мен көп жылдан білемін. Мақтан тұтамын. Көкшенің асылы деп айтамын. Өнері өте жоғары . Өнер әлемінде өрге өрлей берсін. Жақсылық болсын. Мен де осы елдің тумасымын. Көкше жасай берсін.

СНХ: СӘУЛЕ ЖҮНІСОВА, ҚҰРБЫСЫ: Біз 5-ші кластан бірге оқыдық. 5-ші кластан менің құрбым, досым. Алматыда да эстрадный студияда бірге оқыдық. Қапаш бүгін таң қалдырды. Бүкіл халық көп жиналды. Тамаша өтті концерт. Өте қуаныштымыз. Мына енді заслуженый емес, енді халық атағын берсе екен дейміз. Соны барлық халық тілеп отыр. Оның еңбегі бар зор.

РКС: Сонымен қатар, мерейтойлық кешке Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Қайрат Байбосынов да қатысып, өнер көрсетті. Мерекелік концерт соңында өңір басышысының атынан арнайы құттықтау хаты мен ықылас гүлі, ақшалай сертификаты табысталды.

Интершум:

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ,САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ КӨКШЕ АҚПАРАТ