ДИКТОР: Целиноград ауданында Аналар кеңесінің «Ұлттық құндылықтар-ұлтты құрметтеуден басталады» атты форумы өтті. Онда отбасылық береке-бірлікті сақтау, қоғамдық-саяси өмірдегі әйелдің рөлі туралы сөз болып, ұлттық құндылықтар дәріптелді.

РКС: Целиноград ауданының Аналар кеңесі 2019 жылдан бастап жұмыс істейді. Кеңес құрылған күннен бастап, ажырасудың алдын-алу, отбасындағы ұрпақ тәрбиесi сияқты өзектi мәселелер төңiрегiнде iс-шара ұйымдастырып, бірқатар ауқымды бастамаларды қолға алды. Гендерлік саясатты іске асыру бағытындағы әйелдердің бизнесте алар орнын сөз ететін жиындар жиі өткізеді. Сондай-ақ жастардың патриот болып өсуіне, қоғам тірлігі үшін атсалысуына бағыт-бағдар беріп отырады. Зәуре Қақабаева 5 жыл бойы осы Аналар кеңесінің төрайымы болған. Аналар кеңесінің мүшелерімен бірге бірқатар игі жобаларды жүзеге асырған. 46 жыл ұстаздық еткен Зәуре Қақабаева қоғамдық өмірде белсенді. Қазір Аналар кеңесінің сарапшысы.

СНХ: ЗӘУРЕ ҚАҚАБАЕВА, ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ САРАПШЫСЫ: Целиноград ауданында Аналар кеңесі өте белсенді. Республика деңгейінде біздің Аналар кеңесінің жұмысы көрініп жатыр. Бұл форум тағы да басқа аналарды да болсын, жастарды болсын өзімізге тартып, болашақты тәрбиелеуге, болашақтың нақты көркеюіне үлес қосу үшін өткізіледі.

 РКС: Шараға аудандық және ауылдық аналар кеңесінің төрайымдары мен мүшелері, сондай-ақ шақырылған спикерлер жиналды. Форум барысында қатысушылар әйелдердің өмірлік әлеуетін, азаматтық белсенділін арттыру, отбасылық құндылықтарды дамыту және нығайту, кәсіпкер әйелдердің рөлі туралы өзекті мәселелерді талқылады. Ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында кәсіпкер аналар қолдан жасаған өнімдер мен қолөнер бұйымдарынан көрме ұйымдастырды.

СНХ:ҰЛШАТ НҰРМАНОВА, «ПАРАСАТ» ӘЖЕЛЕР АНСАМБЛІНІҢ МҮШЕСІ: Біз осы көрмеге біраз дайындалып, Қараөткел ауылдық округінен келіп отырмыз. Оқушыларға тегін үйірмелелер бар, сондағы мына заттарды алып келіп отырмыз. Мен өзімде 2 айдан бері осы көрмеге дайындалып, мынадай ата-бабамыздан қалған салт-дәстүріміз, мына кимешекті көрмеге болсы, осындай 4 кимешек алып келдім. Мына кимешекті деп өзім тоқым алғанмын. Бұрын ата-бабамыз осындай қол өнерді дәріптеп, артымызда қалған жас өспірімдер бар соларға үйретіп, дәріптеп кетсек деген арманымыз бар. Сол арманымызға жетсек дейміз. Қараөткел округінде Парасат ансамбліміз бар. Сол ансамблде ән айтамыз. Әжелердің барлыңы келді, мінә , қазір осы жерде ән де айтамыз. Сәттілік тілеймін бүгінгі көрмеге. Алла күш қуат берсін, денсаулық берсін әжелерімізге , биіктен көріне берейік.

РКС:Форум қорытындысы бойынша еңбегі еленген бір топ қатысушы облыс әкімінің Құрмет грамотасымен, сондай-ақ «Ел Ана», «Құрметті ардагер», «Ауыл еңбегі үшін» төсбелгілерімен марапталды. Шара мерекелік концертке ұласты.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА.