ДИКТОР: Целиноград ауданы Родина ауылында семинар-кеңес өтті. Кездесу ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының өкілдері арасында жергілікті агрокомпанияның оң тәжірибесін таратуға бағытталды. Оған еліміздің 18 облысынан 100-ден аса қатысушы келді.
РКС: Шара барысында қатысушылар «Агрофирма Родина» серіктестігі өндірісте қолданатын озық әдістермен танысты. Қонақтар ауылдағы бірқатар нысанды аралап, онда агрокомпания жүзеге асырған табысты жобалар көрсетілді. Олардың қатарында сауын пункті, сүт зауыты, дәрігерлік амбулатория, супермаркет, мектеп және мешіт бар. Олар экономиканың дамуына үлес қосып, жаңа жұмыс орындарын ашуда. Ауылдың басты ерекшелігі – жұмыссыздық жоқ.
СНХ: ИМАМЗАДА ШӘГІРТАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Родина мекемесіне келіп үлкен әсер алдық әрине. Ол Сауэр Иван Адамовичтің еңбегі деп білемін. Бұндай жұмыс жасау оңаймен келмейді, барлық жағдайда енді бұны мойындауымыз керек, азаматтар.
РКС: Жиында ауылдарды қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар да сөз болды. Кәсіпкерлерге ұзақ мерзімді өсу мен тұрақты даму үшін көбірек мүмкіндіктер беретін жеңілдетілген несие және ауыл шаруашылығы кооперациясына салықтық жеңілдіктер сияқты перспективалық бағыттар ұсынылды. Сондай-ақ Ақмола облысының экономикалық дамуы сөз болды.
СНХ: ЕРНАР ЖАРКЕШОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Ақмола облысы ауыл шаруашылығы саласында жетекші орынды иеленіп, ірі агроөнеркәсіптік аймақтардың бірі болып отыр. Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің орталығы. Ел аумағының 5 проценттен аса жерін алып отырған облыс Қазақстанда өсірілетін бидайдың төрттен бірін өндіреді, бұл Қазақстанда да, әлемдік нарықта да жоғары бағаланады.
РКС: Жиынға қатысқан ұлттық экономика вице-министрі қазіргі жағдайда агробизнестің әлеуметтік жауапкершілігі ауылдық аумақтардың тұрақты дамуының маңызды бөлігіне екенін атап өтті.
СНХ: БАУЫРЖАН ОМАРБЕКОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ: Кеңестің қорытындысымен біз хаттамасын түзей отырып барлық мемлекеттік органдарға ұсыныстарды енгізетін боламыз осында айтылып жатқан, оның барлығы тек хаттама жүзінде қалмастан, кеңесте сондай шешімге келдік, сапалы Жол картасын дайындауға.
РКС: Қорытындысында қатысушылар ауылдық аймақтарда жобаларды құруға бағытталған ұсыныстар әзірледі. Қабылданған шешімдер «Агрофирма «Родина» серіктестігінің оң тәжірибесін республиканың барлық аймақтарында тарату бойынша Жол картасына енгізіледі.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ