ДИКТОР: Облыс әкімі Марат Ахметжанов азаматтарды жеке қабылдады. Кездесу барысында тұрғындар жер қатынастары, инфрақұрылым, әлеуметтік қамту және тағы басқа мәселелерді қозғады. Өңір басшысы тұрғындардың сұрақтарын тыңдап, азаматтардың өтініштері назардан тыс қалмайтынын атап өтті. Барлық көтерілген мәселелер белгіленген заңнама шеңберінде өз шешімін табады. Мемлекеттік органдардың басшыларына тұрғындардың мәселелерін уақтылы қарау және шешу қажеттігі туралы еске сала отырып, тиісті тапсырмалар берілді.