ДИКТОР: «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Кенжебек Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің дирижері Тұрлықожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді күй еркесі» атты шығармашылық кеш өтті. Мерейтой иесінің кешін тамашалауға замандастары, зиялы қауым өкілдерімен қатар шәкірттері де келді.

РКС: Өнер иесі еңбек жолын 1975 жылы ұстаздық қызметтен бастаған. Музыкалық мектепте домбыра классының оқытушысы болып жұмыс істеген. Кейін 30 жылға жуық облыстық Үкілі Ыбырай филармониясында дирижер қызметінде еңбек етті. Сондай-ақ, Кенжебек Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің негізін қалаушылардың бірі. Өзінің шығармашылық жолын осы оркестрмен байланыстырған және оның өсіп, одан әрі қарай өркендеуіне үлкен үлес қосқан бас дирижері.

СНХ: ТҰРЛЫҚОЖА БАЗАРОВ, КЕНЖЕБЕК КҮМІСБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АСПАПТАР ОРКЕСТРІНІҢ ДИРИЖЕРІ: Шығармашылық концертім өтіп жатыр,келген халқыма ризамын. Алыс жақыннан келіп тыңдап, көріп жатқан өзімнің шәкірттерім келіп жатыр. Оларға рахметімді айтамын. Мынау еңбек болғаннан кейін жемісі ғой. Үлкен оркестр болып қазір нық айтуға болады, қандай концерт берсе де жоғары деңгейде көтеретін оркестр. Ойнап отырған әртістеріме көп рахмет. Әкімшілікке ризашылығымды білдіремін өстіп ұйымдастырған.

РКС: Екі саланы қатар ұстаған Тұрлықожа Базаровтың тәрбиесін алған 60-қа жуық шәкірті консерваториялар, музыкалық жоғары оқу орындарын тәмәмдап, ұстаз жолын үлгі қылып, өнерге қанат қағуда. Солардың бірі- Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, «Халық Алғысы» төсбелгісінің иегері, Үкілі Ыбырай атындағы облыстық филармониясының әртісі - Жанат Есов.

СНХ: ЖАНАТ ЕСОВ, ҮКІЛІ ЫБЫРАЙ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫНЫҢ ӘРТІСІ, ҚР МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ: Бүгін Көкше елінде үлкен той. Өйткені Тұрлықожа ағамыз 75-ке келіп отыр. Бұл кісінің еңбегі өте зор. Аға туралы айтып өтсек, 2008 жылы мен Ақмола облыстық филармониясына жұмыс істеуге келгенде сол кісінің көмегімен, сол кісінің ықпалымен мен осы дәрежеге жеттім деп ойлаймын. Ағама мың да бір алғыс айтамын. Ол кісінің жұмысы өте үлкен жасаған оркестрді құраған ең бірінші адам. Еліміз аман, отанымыз тыныш болсын.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Кеште «Гәкку» би ансамблінің орындауында Кенжебек Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсынан «Шашу» биі, сонымен қатар Мәдениет қайраткері Гүлжан Ахметованың орындауындағы «Ағажай Алтайдай жер қайда-ай» әні жиналған қауымға ерекше әсер етті.

СНХ: ГҮЛЖАН АХМЕТОВА, ҮКІЛІ ЫБЫРАЙ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫНЫҢ ӘРТІСІ, ҚР МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ: 1992 жылдан бастап 32 жыл мен осы Тұрлықожа Биназарұлымен жұмыс істеп келе жатырмыз Ақмола облыстық филармониясында. Тұрлықожа Биназарұлы туралы айтатын болсам, ол кісі 1993 жылы ең алғашқы қазақ ұлттық аспаптары оркестрі Кенжебек Күмісбеков атындағы құрылған кезде 1993 жылы құрылды. Сол кезден бастап ол кісі қосымша шәкірті болды Тұрлықожа ағайымыз. 32 жылдай бірге жұмыс істеп келе жатырмыз осы оркестрмен. Енді Тұрлықожа Биназарұлы осы оркестрді аяғынан тік көтерді десем артық айтпаймын. 32 жыл бойы оркестрді жоғарғы деңгейге көтерді, қаншама сапасын арттырды.

РКС: Өмірінің ең қызықты сәттерін өзінің қызметіне арнаған Тұрлықожа Базаровқа өңір басшысы Марат Ахметжановтың атынан Алғыс хат пен ақшалай сертификат табысталды.

ИНТЕРШУМ:

САБИНА ЖАМШИТОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ