ДИКТОР: Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған ІІІ республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздары марапатталды. Оған 9-11 сыныптардың 370 оқушысы қатысты. Іс-шара аясында концерттік бағдарлама өтті. Толығырақ тілші материалында.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Ауыл мектептері арасындағы олимпиада қорытындысы бойынша 134 ақмолалық оқушы жүлдегер атанды. Осының ішінде І орынға 25, ІІ орынға 31, ІІІ орынға 64 оқушы ие болды. 14 оқушыға грамота берілсе, қалған қатысушылар арнайы медальдармен марапатталды.
ИНТЕРШУМ:
РКС: І дәрежелі диплом иегерлерінің бірі - Красный Яр ауылындағы №1 жалпы білім беретін мектептің 9 сынып оқушысы Кәусәр Әзірет. Ол химия пәнінен қатысты.
СНХ: КӘУСӘР ӘЗІРЕТ - І ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ИЕГЕРІ: Мен облыстық кезеңнің олимпиада женімпазы атанғаныма қуаныштымын. Бұл олимпиада маған керемет әсер қалдырды. Олимпиада ұйымдастырылуы жоғары деңгейде өтті. Жетекшім Гүлнәр Еслямбекқызына алғысым шексіз. Тапсырмалар орташа күрделі және қиын түрде берілді. Мен жауаптардың көпшілігін білдім және жоғары ұпай жинадым.
СНХ: ЕРБОЛ ЕРЖІГІТ - ІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ИЕГЕРІ: Мен биология пәні бойынша қатысып, екінші орын алдым. Әрине, қиын болды. Тапсырмалар 9-11 сынып бағдарламаларынан алынды. Бәрін оқып үйрену керек болды. Бірақ бәрі жақсы өтті. Мен көрсеткен нәтижелеріме қуаныштымын. Эмоциялар керемет.
СНХ: ТАЛҒАТ БАЗАРБЕК – І ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ИЕГЕРІ: Мен география пәнінен 1 орын алдым. 10 сынып. Мен Зеренді ауданында тұрамын. Менің мұғалімім Рақымжан Берік Алтыбайұлы. Мен оған үлкен алғыс айтамын.
РКС: Олимпиада жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 13 жалпы білім беретін пәндер бойынша өтті. Оқушылар математика, физика, химия, биология, информатика және география пәндерінен өз білімдерін көрсетті. Сондай-ақ, қазақ, орыс және ағылшын тілдері, Қазақстан тарихы, құқықтану негіздері бойынша тапсырмаларды орындады.
СНХ: ЕРКІН ОРАЗОВ - ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ДАРЫНДЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Бүгін ауыл мектептері арасындағы республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі аяқталды, ол 2023 жылдан бері өткізіліп келеді. Бұл Қазақстан Республикасының Білім министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлының бастамасы.
РКС: Олимпиада Қазақстан Республикасының ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының таланттары мен қабілеттерін анықтау, дамыту және қолдау үшін оңтайлы жағдайлар жасауға бағытталған. Айта кетейік, жүлделі орындарға ие болған 44 ақмолалық оқушы Республикалық олимпиадада өңірдің намысын қорғайды.
ТОҒЖАН БАЙМЕНОВА, ҚАИРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБУЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.