ДИКТОР: «Әділдік және өркендеу» республикалық қоғамдық қорының Ақмола облысы өкілдігі мен Қазақстан Республикасы сауда және интеграция министрлігінің Ақмола облысы сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті өзара ынтымақтастық жөніндегі Меморандумға қол қойды.
РКС: Департамент және қор өкілдігі арасындағы меморандумның басты мақсаты – құқықтық мәдениет, заңды және физикалық тұлғалардың құқықтары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді құралдарын қалыптастыру.
СНХ: ЕРЛАН ӘУБӘКІРОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ САУДА ЖӘНЕ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Меморандум тұтынушылардың құқықтарын тиімді қорғауды қамтамасыз етіп, нарықтағы тауарлар мен қызметтердің сапасын арттыру мақсатында тараптар арасында тығыз өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, сондай-ақ бизнес үшін бәсекеге қабілетті жағдайлар жасау. Ынтымақтастықтың негізгі бағыты тұтынушылардың құқықтары мен сауданы қорғауға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді қамтиды. Сондай-ақ, осы салаларда инновациялық шешімдерді үйлестіру мен енгізуді жақсарту үшін мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау. Серіктестік халықты құқықтық тәрбиелеуге, кәсіпкерлердің құқықтық санасын арттыруға және тұтынушылардың құқықтары мен сауда қызметін қорғаудағы құқықтар мен құралдар туралы жұртшылықты хабардар етуге бағытталған тәжірибе алмасуды және бірлескен іс-шараларды өткізуді көздейді.
РКС: Тараптар арасындағы өзара іс-қимыл форматы өзекті мәселелерді шешу үшін күш біріктіруге мүмкіндік беретін тұрақты жұмыс топтарын өткізуді, бірлескен отырыстарға, семинарларға, конференцияларға, бизнес форумдарға және басқа да іс-шараларға қатысуды қамтымақ.
СНХ: БАҚЫТ СМАҒҰЛ, «ӘДІЛДІК ЖӘНЕ ӨРКЕНДЕУ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ӨКІЛДІГІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: Бүгін заң бұзушылық, адамның құқығын бұзу мәселесі ең көп орын алатын жер ол сауда маңайында болады, тұтынушы мен саудагердің арасында көп мәселелер туындайды. Осыған байланысты бүгін Республикалық қор ретінде жергілікті Ақмола облысындағы сауда департаментімен ынтымақтастық жасап жатырмыз. Осы тұрғыда біраз шаруаларды атқаруға болады. Өйткені қарапайым адамдардың сауда мәселесіндегі өз құқықтарын көбі біле бермейтіндігі де анық. Біздің қор Ақмола облысында ғана емес, Қазақстанның түкпір-түкпірінде құрылған филиалдар бар қор. Осы тұрғыда қазір бүкіл Қазақстан бойынша осы жұмыс атқарылып жатыр.
РКС: Меморандумға қол қою нарықтың барлық қатысушыларына құқықтық мәдениетті арттыруға және құқықтық қолдауды қамтамасыз ету мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта бұл бағытта бірлесіп әрекет етудің маңыздылығы мен өзектілігі зор.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.