ДИКТОР: Өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату экологиялық саясаттың басым бағыттардың бірі. Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде білікті мамандарды дайындау мақсатында қалдықтарды басқару бойынша тәжірибелік семинар өтті. Іс шараны үйлестіруші Висмар университетінің профессоры Гуннар Праус болды.
РКС: Тәжірибелік семинардың мақсаты – студенттердің қалдықтарды игеру саласындағы құзыреттіліктерін дамыту және оқытудың инновациялық әдістерін меңгеру. Кездесу барысында қатысушылар Еуропалық Одақта, атап айтқанда Германияда қолданылатын негізгі қағидаттармен танысты. Сондай-ақ өңірдегі түйткілді мәселелер мен оларды шешудің ықтимал жолдары талқыланды.
СНХ: САЯГҮЛ ЖАПАРОВА, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Бізде қалдықтарды қайта өңдеу, пайдалану және басқаруда өте үлкен проблема бар. Осы мәселемен айналысатын мамандарды дайындап шығаратын кез келді. Бүгінгі семинар нәтижелі болды. Менің ойымша, студенттер, магистранттар, оқытушылар бұл бағытта өздігінен білім алуын, сонымен қатар, пәндерді енгізу және осы салада магистранттарды оқыту кезінде толыққанды жұмыс істеуге мүмкіндік беретін көптеген ақпарат алды деп ойлаймын.
РКС: «Erasmus» жобасы аясында университетте «Қалдықтарды басқару» бойынша инновациялық білім беру бағдарламасы әзірленді. Ғылыми ізденістерге де, кәсіби дағдыларды дамытуға да басымдық беріледі. Осы бағытта білім алып жатқан студенттер Германияда тәжірибеден өтті.
СНХ: ТАМИЛА ЖАБАСОВА, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Менің ойымша, бұл мәселе барлық аймақта бар. Әр өңірдің өзіндік ерекшеліктері бар. Егер біздің облыс туралы нақты айтатын болсақ, Көкшетауда сұрыптау кезеңінде мәселе бар. Полигонда фракцияларды бөлу жүйесі жоқ. Біздің облыс ауылшаруашылығы саласы, әр түрлі материалдарды әзірлеумен және өндірумен айналысатын кәсіпорындар жеткілікті. Ал кез келген кәсіпорында қалдықтарды басқару жүйесін құруға міндетті маман болуы керек.
РКС: Семинар соңында қатысушылар қалдықтарды басқарудың тиімді жүйесін енгізу барлық мемлекет үшін өзекті міндетке айналғанын атап өтті. Қорытындысында білім беруді, заңнаманы, технологиялық инновацияларды және халықаралық ынтымақтастықты қамтитын кешенді тәсіл қажет деген шешімге келді.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫМБЕК, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.