ДИКТОР: Биыл 260 көкшетаулық «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмыспен қамтылды. Кез-келген азамат электрондық еңбек платормасына тіркеліп, мамандығы бойынша бағытын анықтай алады. Платформада қайта даярлау, біліктілікті арттыру, сондай-ақ қаржылық қолдау мүмкіндіктері туралы ақпарат алуға болады.

РКС: Жұмысынан айырылған немесе жұмыс іздеуші азаматтар Enbek.kz порталына тіркеліп, мемлекеттік бағдарламаларға қатыса алады. Порталда еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілікті арттыруға бағытталған курстар, тренингтер, бос жұмыс орындары туралы хабарлама жарияланады. Жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушілерді үміткерлермен байланыстыра отырып, осы процеске белсенді қатысады.

СНХ: ӘДІЛ АХМЕТ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ МАНСАП ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Оқу бітірген кез-келген азамат «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы аясында порталда жұмыс берушінің бос жұмыс орындары туралы хабарландыруына өтініш қалдыра алады. Ол үшін өз жеке кабинетіне кіріп, жұмыссыз ретінде тіркелуі тиіс. Жастар тәжірибесі аяқталғаннан кейін, егер жұмыс беруші тарапта бос жұмыс орны болса, тұрақты жұмысқа орналаса алады.

РКС: Ерхан Есмағзам биыл Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетін тәмамдады. Оқу бітіргеннен кейін электрондык порталға тіркеліп, жастар тәжірибесі бағдарламасы арқылы жұмысқа орналасқан.

СНХ: ЕРХАН ЕСМАҒЗАМ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Қазіргі уақытта жұмыс іздеп жатқанда еңбек сайты арқылы отклик жасадым. Және де отклик жасап, өз мамандығым бойынша Көкшетау құрылыс бөлімі мемлекеттік мекемесіне жұмысқа орналастым. Қазір екі болды жұмыс істеп жатырмын. Барлығы ойдағыдай, өз ойлағаным бойынша. Еңбек сайтына өз алғысымды білдіремін. Жұмыс бойынша тез және түсінікті түсіндірді.

 РКС: Enbek.kz порталында жұмыссыздық бойынша жәрдемақы ретіндегі қаржылық көмек те қарастырылған. Қаржылық төлемдерді алу шарттары заңнамамен қатаң реттеледі. Мансап орталығының мамандары жұмыссыздарға түйіндеме жасау, жұмыс берушімен әңгімелесу, жұмыс іздеу бойынша кеңес беріп көмектеседі. Сондай-ақ, өз кәсіби ісін бастаушы азаматтар үшін электрондық порталда шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламалары туралы ақпарат береді.

Skills Enbek платформасы – маркетплейс қағидаты бойынша курстарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін халықаралық оқыту алаңдарының қазақстандық аналогы. Платформада әртүрлі бағыт бойынша 600-ден астам курс орналастырылды. Олардың жартысы тегін негізде қолжетімді.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ