ДИКТОР: Көкшенің ел ағасы, қоғам қайраткері, жоғары санатты дәрігер болған, бар ғұмырын денсаулық сақтау ісіне арнаған жан, Жоғары Кеңестің, облыстық мәслихаттың депутаты болған "Көкшетау қаласының құрметті азаматы" Болат Сүлейменұлы Жанәділов өмірден өтті.

РКС: Болат Жәнәділов 1940 жылы Көкшетау облысы, Айыртау ауданы, Казгородок ауылында дүниеге келген. 1965 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық институтын аяқтап, сол кездегі Көкшетау облыстық ауруханасында анестезиолог-дәрігер, бөлім меңгерушісі, бас дәрігердің орынбасары, кейін бас дәрігер болды. Көкшетау облысы әкімінің орынбасары, Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің депутаты, "Құрмет" орденінің иегері, Денсаулық сақтау ісінің үздігі Болат Сүлейменұлының елдің өркендеуіне қосқан үлесі зор. Ол кісі басшылықта болған жылдары облыстық аурухананың материалдық-техникалық базасы айтарлықтай нығайды, жаңа корпустар салынды, сол кездегі заманауи диагностика және емдеу технологиялары енгізілді. Болат Жанәділовтің басшылығымен Көкшетауда "Мейірім" мейірбике күтімінің ауруханасы, жүйке аурулары бар балаларға арналған "Болашақ" оңалту орталығы, медициналық-генетикалық орталық, Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ трама театры ашылды.

СНХ: ЖАБАЛ ЕРҒАЛИЕВ, МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ: Болат аға Жанәділовтың өмірден өткенін барша елге, Көкше елінің азаматтарының қабырғасы қайысып отыр дейге болады. Болат аға Жанәділов бір дәуірдің, бір ғасырдың тарихы, шежіресі. Жалған дүние өзінің арымен сабырлығымен ақылымен парасатымен халыққа деген адал көңілімен дүниеден озды.85 эжылдық ғұмыры тарихқа бергісіз ғұмыр. Тәуелсіздіктің алғашқы декларациясы, Президент сайлуында болу, қоғамдық өмңрде болсын бәрінің бел ортасында жүрді.

СНХ: СЕРІК КӘКЕНОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҮЗДІГІ, ЖОҒАРЫ САНАТТЫ ДӘРІГЕР: Мен дәрігерлік өмірде жолым болған адаммын. Осындай аңыз адамдардан үлкен тәжірбиелік, өмірлік сабақ алдым. Болат Сүлейменұлы ешқашан біреуге дауыс көтеріп ұрысқан емес, әр адаммен оңай тіл табысатын. Ол кісіге жоқ олай болмайды деп айта алмайтынбыз, тығырықтан шығар жолды көрсететін. Кейін Жоғарғы Кеңестің депутаты болған кезде де ауданға келіп, медицинаның, халықтың жағдайын біліп жүрді.

РКС: Болат Жанәділов "Көкше" телеарнасына берген сұқбаттарында "Ер жігіт аяғын жерге, арқасын елге тірейді. Халыққа шын жүрекпен қызмет қылған азаматтың қашан да мерейі үстем болады" деп үнемі айтып жүретін. Ерен еңбегімен еленген азаматтың жарқын бейнесі халқының жүрегінде мәңгіге сақталмақ.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, САБИНА ЖАМШИТОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ