ДИКТОР: Көкшетауда академик, экономист, ғалым Қуанышбай Нұрмағамбетов тұрған үйге ескерткіш тақта қойылды. Шараға зиялы қауым өкілдері, професордың жақын туыстары мен жолдастары қатысты. Мемориалды тақта Қуанышбай Рақышұлының өмірінің соңғы кезеңі өткен үйдің қабырғасына ілінді.

РКС: Қуанышбай Нұрмағамбетов 1940 жылы дүниеге келді. Ол оқытушылық қызметін 1979 жылы бастаған. Қуанышбай Рақышұлы 1981-2003 жылдар аралығында облыс орталығындағы ауыл шаруашылығы институтында кафедра меңгерушісі, 2004 жылдан бастап Көкшетау экономика және менеджмент институтында ғылыми-зерттеу жұмыстары жөніндегі проректор қызметін атқарды.

СНХ: БАҚЫТ ЖҮНІСОВ, ӘРІПТЕСІ: Осыдан бастап Қуанышбайдың ғылыми жұмыстары арта бастады. Қуанышбай Рақышұлы осы экономика ғылымдарына үлкен үлес қосты. Қуанышбаймен мен 1985 жылдан бері таныспын. Мен ректор болып келдім. Ол кафедра меңгерушісі болды. Ол өте сондай мықты ұстаз, тәрбиелі еді.

РКС: Ол саналы ғұмырын ғылым жолына арнап, бірнеше жас буынға дәріс беріп, ғылым жолына тәрбиелеп шығарды. Қуанышбай Нұрмағамбетов Қазақстанның индустриялық-инновациялық экономикасының дамуына зор үлес қосты. 250 ғылыми еңбектің, оның ішінде 20 монографияның авторы. Ғылым саласындағы еңбегі лайықты бағаланды. Қазақстан Республикасының білім беру үздігі, Мәскеудегі Ғылым және өндірісті ұйымдастыру практикасы академиясының құрметті мүшесі атағын иеленді.

СНХ: ЖАБАЛ ЕРҒАЛИЕВ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ: Дүниеден өткен осындай азаматтардың есімдерін ескеріп отырғандығы мені шын жүректен қуантады. Соңғы жылдары Көкшетау қаласында тұрғын біраз азаматтардың тұрғын үйлеріне осындай ескерткіш тақталардың орналату бастауы, ол біздің елдігімізді, ол біздің Көкшетауымыздың биіктігін, ол Көкшетауда ғаламат-ғаламат ер азаматтар, тұлғалар болғандығын көрсетеді.

 РКС: Шара соңында жиналғандар ескерткіш тақтаға гүл шоқтарын қойып, академик рухына тағзым етті.

ИНТЕРШУМ:

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ