ДИКТОР: "Истоки" мәдениет үйінде Ресейдің Пятигорск қаласынан әкелінген тондарының сатылымы басталды. Қарашаның 1-і мен 20-сы аралығында Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтары өздері немесе жақындары үшін түрлі үлгідегі сәнді тондарды сатып ала алады.
РКС: Тон-сән әлемінде сұраныстан түспейтін стильдің бірі. Ресейдің Пятигорск қаласындағы "Бевер" фабрикасында тігілгенсәнді тондар көздің жауын алады. Өлшемдері 38-ден 62-ге дейін ұсынылған. Сатып алушылардың сұранысы толығымен ескерілген. Әр үлгі кез келген адамның дене бітімін ерекше етіп тұрады. Денеге қонымды. Сатылымда классикалық және заманауи дизайнда тігілген тондар бар. Түстері мен матасы қолжетімді. Кез келген жағдайда керемет нұсқаны таңдауға мүмкіндік береді.
СНХ: ЕЛЕНА НЕМЦУРОВА, САТУШЫ-КОНСУЛЬТАНТ: Құрметті Көкшетау қаласының тұрғындары сіздерді "Истоки" Мәдениет үйіндегі біздің көрмеге шақырамыз! Мұнда Пятигорск қаласының тондары сатылымда. Пальтолар мутоннан, күзеннен, қаракөлден, қой терісінен тігілген. Бізде 3 айдан 2 жылға дейінгі Хоум банкі мен 12 айға Kaspi банк арқылы бөліп төлеу мүмкіндігі қарастырылған.
РКС: Көрмеде "ескі тон әкеліп, жаңасына жеңілдік ал" акциясы да бар. Тонды тапсыру кезінде жаңа киімнің бағасы 100 мың теңгеге төмендейді. Сондай-ақ, көрмеде үстемесіз бөліп төлеуге мүмкіндік бар. Пятигорск қаласынан Көкшетауға 500 тон әкелінді. Сонымен қатар, көрмеде күзен мен мутоннан жасалған ерлер мен әйелдердің бас киімдері де ұсынылған. Тонды Абай Құнанбаев көшесі, 124 мекенжайда орналасқан "Истоки" Мәдениет үйіндегі көрмеден таңғы 9-дан кешкі 7-ге дейін сатып алуға болады. Мамандар әр келушінің стиліне сәйкес келетін тонды таңдауға көмектеседі.
САБИНА ЖАМШИТОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ