ДИКТОР: Әскери қызмет - әр азаматтың Отан алдындағы борышы. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5510 әскери бөлімінде еліміздің түкпір-түкпірінен шақырылған сарбаздар міндетті әскери борышын өтеп жатыр. Олардың арасында егіз сарбаз бен егіз әскери қызметші бар. Егіздердің әскердегі әлемімен тілшіміз танысып қайтты.
ИНТЕРШУМ:
- Гражданкада жүргенде үйде төсекті ұйқыдан тұра сала жинамайтынбыз. Тұрамыз, кететінбіз. Әскерге келгелі бәрін үйрендік қой. Қалай жинау керек екендігін, қалай істеу керек екендігін. Әскер бізді сыңарымыз екеумізді тәртіптілікке, ұқыптылыққа, тазалыққа үйретті.
РКС: Егіз Аман, Есен Сейдулла әскерге Түркістан өңірінен шақырылған. Қазір ағайындылар жедел мақсаттағы батальон ротасында борышын атқарып жүр.
СНХ: ЕСЕН, АМАН СЕЙДУЛЛА, ЕГІЗ САРБАЗ: Егіздерді бөлмейміз. Бір жерге түсіреміз, бір жерге апарамыз деді. Бірге жерге әкелді. Жалпы, армия ұнайды. Менің мінез-құлқым сәл ашуланқылау да. Мынанікі сәл жуастау мінезі. Мен сәл ашуланшақпын. Бұл сәл жуастау. Сол жерден айырмашылық. Сол жердегі айырмашықтан ажыратады көбісі.
Сұрақ: Екеуіңізді шатастырған уақыт болды ма?
- Болады.
- Ондай көп болады.
- Ондай жағдай көп болады. Сен Амансын ба, сен Есінсін ба деп жаңылысып қалады. Бір түр болғандықтан ажырата алмай қалады.
- Бізді Аман, Есен деп шақыра салады.
РКС: Екеуі араға жиырма минут салып дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң колледжге де бірге түскен. Отан алдындағы міндетін атқарғаннан кейін олар туған жері Түркістан өңірінде әскери қызмет етпек.
СНХ: ЕСЕН, АМАН СЕЙДУЛЛА, ЕГІЗ САРБАЗ: Әскерден кейін бізде Шардара да погран бар. Сонда кірсек пе деген ниет бар. Екеуміз бірге.
РКС: Егіз сарбазды алғашқы кезде ажырату қиын болды. Түрлері ұқсас болғанымен, мінез-құлықтарында айырмашылық бар,-дейді қатарластары.
СНХ: ӘЛІШЕР ЖОЛДАСБЕК, САРБАЗ: Мен осы Аман, Есен егіздермен бірге бір күнде келдік. Осы 1-24 шақырылым бойынша. Басында келген кезде ажырата алмайтынмын. Себебі, екеуі бір-бірінен айнымайды. Ұқсайды. Кейін бірте-бірте күн өткен сайын бір рота, бір взводта болғаннан кейін ажырата бастадым. Бетіндегі қалынан, мінез-құлқынан. Біреуі жуастау, біреуі ашуланшақ.
РКС: Болашақта Аман мен Есен егіз жар таңдауды көздеп отыр.
СНХ: ЕСЕН, АМАН СЕЙДУЛЛА, ЕГІЗ САРБАЗ: Бір үйдің қызын ал дейді. Біз енді барғаннан кейін ақылдасып, көреміз. Әкем айтады бір үйдің қызын ал дейді. Егіз қыз болса. Бір үйдің егіз қызын алсақ па деп отырмыз. Бұйыртса.
РКС: Ал, бұл Рүстем мен Дастан Қожақовтар. Олар Ұлттық Ұланға келісім-шартпен келген.
СНХ: РҮСТЕМ МЕН ДАСТАН ҚОЖАҚОВ, ЕГІЗ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІ: Біздің жас кезімізден арманымыз болды. Сол әскери борыштан кейін бірге таңдаған шешіміміз болды. Осы әскери бөліміне кіру.
РКС: Ал егіздің бұл ұстанымы Аман-Есеннен өзгеше.
СНХ: РҮСТЕМ МЕН ДАСТАН ҚОЖАҚОВ, ЕГІЗ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІ: Жар таңдауда критерий жоқ. Егіз болуы міндетті емес. Қазақтың қарапайым қызы болса болғаны.
РКС: Әскери бөлімнің басшылығы ағайындыларға тапсырма берген кезде шатасқандарын айтады. Алайда, мінездеріне қарап ажырата бастаған.
СНХ: НҰРСҰЛТАН САЙДАЛИН, 5510 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ АҒА ЛЕЙТЕНАНТЫ: Иә, басында қиын болды тапсырма берген кезде. Уақыт өте келе екеуінің айырмашылығын байқай бастадым. Екеуінің мінездері әртүрлі. Дастандікі тұйықтау. Рүстемдікі ашық мінезді болып келеді. Және де Рүстемнің мойынында қалдар бар. Сол арқылы екеуін ажырата бастадым.
РКС: Сарбаздар жеті айдан соң әскери борышын аяқтайды. Темірдей тәртіп пен кез келген қиындықты еңсеруді үйренген жауынгерлер күштік құрылымдарда еңбек етуге сақадай сай.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ