ДИКТОР: Фискалды түбіртек маңызды заңды құжат. Оның көмегімен тауарды немесе қызметті сатып алу фактісін дәлелдей алуға болады. Фискалдық чектің болуы сатушының адалдығына және сатып алушы құқығының қауіпсіздігіне кепілдік береді.
РКС: Тауарды сатып алу кезінде түбіртектің екі түрі беріледі. Тауарлық чек бастапқы шот құжаты. Фискалды түбіртектің заңды күші бар. Оны беретін аппарат мемлекеттік кірістер органдарында тіркелуі тиіс. Фискалды түбіртек сатушының табысынан мемлекеттік бюджетке бір бөлігінің түсуіне кепілдік береді.
СНХ: САУЛЕ ӘЛІМҒОЖИНА, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ: Салық Кодексінің 166-шы бабының 1-ші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысу бекіту функциясы бар немесе мәліметтерді беретін бақылау-кассалық машинасын міндетті түрде қолдану арқылы жүзеге асырылады. Салық Кодексінің 166-шы бабының 6-шы бөлігіне сәйкес бақылау-кассалық машинаның түбіртегінде салық төлеушінің атауы, жеке сәйкестендіру номері, зауыт номері, салық органындағы тіркеу номері, түбіртектің реттік номері, атқарылған жұмыстың, көрсетілген қызметтің, тауарды сатып алған күні мен уақыты, тауардың бағасы,фискалды мәліметтер операторының атауы болуы тиіс. Сонымен қатар фискалды мәліметтер операторы интернет-ресурсының реквизиттері де көрсетілуі тиіс. Ақмола облысы бойынша 35 123 бақылау-кассалық машинасы тіркелген. Оның 9 мыңнан астамы көрсетілген қызмет пен тауарды көрсетпестен түбіртек береді.
РКС: Фискалды түбіртекті талап ете отырып, клиент жеке мүддесін қорғай алады. Мамандар осылай дейді. Осы мәселеге салғырт қарайтындар кейін тауарын қайтаруға келгенде қиындыққа тап болып жатады. Ал ол құжат сатушы мен сатып алушының арасындағы мәміленің заңды түрде жасалғанына кепілдік береді. Оның негізінде сапасыз тауарды ауыстыруға немесе ақшаны қайтарып беруді талап етуге мүмкіндік бар.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ