ДИКТОР:Көкшетаудағы «Қажымұқан» спорт кешенінің бокс залында 2007-2008 жылдары туған жастар арасында Ақмола облысының біріншілігі жалауын көтерді. Осынау байрақты бәсекеге 14 өңірден 73 спортшы қатысып, күш сынасуда.
РКС: Алғашқы күні шаршы алаңға шыққан боксшылар шаршы алаңды жақсы сезініп, қарсыластарының қателіктерін дөп баспалдағы жекпе-жектерге жолдама алды.
СНХ:ЮРИЙ ДЕРГУНОВ, ОБЛЫСТЫҚ БОКС ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ: Жастар арасындағы бұл жарыстың маңызы зор. Өйткені біздер алдағы ел чемпионаты қатысатын үміткерлерді іріктейтін боламыз. Сондықтан әр төреші өте әділ әрі қырағы болуы керек. Олар қалт еткен сәттерді мұқият зерделейді. Бір қуанарлығы облыс біріншілігіне қатысып жатқан жастардың осалы жоқ. Бәріне сенім артуға болады. Десе де мықтыларды анықтаймыз.
ИНТЕРШУМ:
STAND-UP:ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ТІЛШІ: Әр боксшының өз айла-тәсілі бар.
РКС: 57 келі салмақта сынға түскен Көкшетау қаласының боксшысы Аңсар Қабдешев пен степногорлық Артур Стырскийдің кездесуі төрешілер мен жанкүйерлердің көңілінен шықты.
СНХ:АҢСАР ҚАБДЕШЕВ, БОКСШЫ: Менің салмағымда мықты боксшылар көп. Олардың айла-тәсілдерін де зерттеп жүрмін. Соның бірі жаңағы қарсыласым степногорлық Артур Стырский . Ол өте жылдам спортшы. Мен оған қарама-қарсы сериялы соққыларды қолдана білдім. Алда әлі жауапты кездесулер бар.
РКС: Бүгінгі кездесуде өндірісті Степногорск қаласының боксшысы Рустам Худойназаров та жақсы өнер көрсетті.
СНХ:РУСТАМ ХУДОЙНАЗАРОВ, БОКСШЫ: Жауапты жарысқа біздер жан-жақты дайындықпен келдік. Бүгінгі қарсыласым Щучинск қаласының боксшысы Диас Қуанышев өте жылдам әрі техникасы жақсы спортшы. Оны ұпай санымен ұтып, алдағы кездесулерге жолдама алдым.
РКС: Жастар арасындағы облыс біріншілігі кезінде өңірімізде боксты және өзге де спорт түрлерін насихаттап жүрген ардагерлер марапатқа ие болды. Олар шаршы алаң төрінде ақ тер көк тер болып жатқан өрендерге табыс тіледі. Боксшылар бәсекесі Қажымұқан спорт кешенінде одан әрі жалғасуда.
ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ