ДИКТОР: Облыстық кәсіпкерлер палатасының алаңында Агроөнеркәсіптік кешен және тамақ өнеркәсібі басқармасының салалық кеңесі барысында шаруалар түйткілді мәселелерді ортаға салды. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Мұрат Балпан, тиісті мемлекеттік органдар мен қаржы институттарының өкілдері қатысты.

РКС: Диқандарды толғандыратын басты мәселе – астық өткізу. Өңірдегі ауылшаруашылық тауар өндірушілері биылғы егінді өткізуде бірқатар қиындықтарға тап болуда. Өңір рекордтық көрсеткіште өнім жинағанымен көптеген шаруалар сол астықты сата алмай отыр. Басты себеп элеваторларда астық көп.

СНХ: ЕРҚАНАТ МҰСЫЛМАНБЕК, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Қазіргі таңда астық көп болғандықтан оны сатуда мәселелер бар. Бірақ саудагерлер тарапынан да сұраныс бар. Біз осы кезеңде экспорттың төмендеуін байқаймыз және бұл уақытша ғана болады деп ойлаймыз. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер тарапынан қаржы институттарын, жеңілдетілген пайыздық мөлшерлемемен жаңа несиелік желілерді енгізу, астық қабылдау пункттері мен элеваторларды жаңарту және сату туралы бірқатар ұсыныстар түсіп жатыр. Жасыратыны жоқ, бүгінде қалпына келтіру үшін қаржылық инвестицияны қажет ететін проблемалы астық қабылдау нысандары бар.

РЗК: Ауыл шаруашылығының тауар өндірушілері элеваторларда әділетсіз қызмет көрсету мәселесі барын да көтерді. Айтуларынша, Бурабай өңірінің диқандары астық қабылдау пунктіне өнімді тапсыру кезінде қиындықтарға тап болған. Астық сапасының көрсеткіштерін төмен бағалау фактілері анықталды, жергілікті жерде қолданыстағы мемлекеттік нормалар қолданылмаған. Қазір логистика мәселесі де өте өзекті.

СНХ: ӘБУБӘКІР АБАЕВ, СЕРІКТЕСТІК ДИРЕКТОРЫ: Менің бір ғана сұрағым бар. Өкінішке орай, мұнда мәселені шешу үшін үшінші жолы яғни тағы бір сатып алушы жақ жоқ. Үнемі солай. Нарық неге тұр? Бұған не кедергі? Бұрын вагон жоқ деп сылтау айтатын, қазір ондай проблема жоқ. Тәжікстан, Ауғанстан, Өзбекстан халқы наннан бас тартқан жоқ. Ресейден де астық келеді. Ол Қазақстан арқылы өтеді! Өзбекстанның Ресеймен шекарасы жоқ. Ол жерде бағаның өсуі байқалады, өзбектерге Қазақстаннан астық сатып алу арзанырақ және сапалырақ, бірақ бұл жұмыс жұрыс жолға қойылмаған.

РКС: Өңірлік кеңес төрағасы Қуаныш Рақышев элеваторлардың астыққа толып тұрғанын, сапасы жоғары екенін айтты. Шаруалар қалыптасқан жағдайды түсініп, Азық-түлік корпорациясына өнім беруге дайын, бірақ қазіргі тетіктерде астықты тікелей сатып алу әзірге қарастырылмаған. Ал, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жақын арада өтеуі тиіс қарыздары мен несиелік шарттары бар. Жиын қорытындысы бойынша облыс әкімінің орынбасары көтерілген түйткілді мәселелердің барлығы жергілікті уәкілетті органдар тарапынан бақылауға алынатынын атап өтті.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ