ДИКТОР: Атбасар ауданында монополист компания ауыз су тарифін негізсіз өсірген. Кәсіпорын әлеуметтік салық пен қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төленетін төлемдерді заңсыз есепке қосып, бағаны көтерген. Мұны аудандық прокуратура тексеріс барысында анықтады. Нәтижесінде заңды тұлғалар үшін төлемақы 18 процентке төмендеді. Бюджеттік ұйымдар үшін де бір гигакалорияның құны 20 мың теңгеден 16 мың теңгеге дейін арзандады. Осылайша жергілікті тұтынушылар мен 424 заңды тұлғаның құқығы қорғалды.

СНХ: ШЕРХАН САБЫРБЕК ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАНЫҢ БАСҚАРМА ПРОКУРОРЫ: Атбасар аудандық прокуратурасымен «Атбасар су» кәсіпорнының қызметінде тарифті қалыптастыру кезіндегі заңнаманың бұзылуы анықталды. Осылайша қадағалау актісінің нәтижесінде екі айдың тарифі төмендетіліп, монополист кәсіпорынның заңсыз жұмысына тосқауыл қойылды.