ДИКТОР: Қазақстан темір жолының 120 жылдығына арналған іс-шаралар легі жалғасуда. Бұл жолы өткен кездесуге теміржол саласының ардагерлері шақырылып, олар жас мамандармен кәсіби тәжірибелерімен бөлісті.

РКС: Теміржол саласы елдің экономикалық және әлеуметтік дамуында шешуші роль атқарады. 120 жыл ішінде теміржол көлігі ауқымды қайта құрудың үлкен жолынан өтті. Сала мамандары баяндамалар жасап, инфрақұрылымның соңғы жетістіктерімен бөлісті. Өз кезегінде, еңбек ардагерлері жұмыс жылдары кезеңінде кездескен қиындықтар туралы айтты.

СНХ: СЕРІК СҮЛЕЙМЕНОВ, ТЕМІРЖОЛ САЛАСЫНЫҢ ЕҢБЕК АРДАГЕРІ: Біз барлық қызметтердің тікелей байланысынсыз теміржол көлігінің жұмысын елестетпейміз. Бұл энергетика, қозғалушылар, локомотивтіктер, жолшылар, вагоншылар болсын. Пойыз барлық қызметтердің қатысуынсыз жүрмейді. Бүгін ардагерлер дәстүрлері мен бастамаларын жалғастырып келе жатқан жастар, бөлім ұжымының бірлігін көріп отырмыз. Бүгін біз, ардагерлер, жастардың ұмтылатынына сенеміз және көреміз. Олардың есептерін тыңдадық. Кем дегенде, біздің жастарымыз көп нәрсеге қол жеткізетінін білеміз. Темір жол кез-келген ауа райында үздіксіз жұмыс істейді, кез-келген жағдайда облыс орталығын, аудан орталықтарын жүктермен және материалдармен қамтамасыз етеді және мемлекет экономикасына көптеген пайда әкеледі.

РКС: Шараға қатысқан жас мамандар Қазақстан темір жолының тарихына қатысты тың деректермен танысты. Теміржол желісінің құрылысы мен дамуының алғашқы кезеңдері туралы, аға буынның алдында тұрған қиындықтар мен жетістіктер туралы әңгімелер жастар үшін жаңа перспективалар ашып, одан әрі жұмыс істеуге шабыттандырады.

СНХ: АРУЖАН САЛАУАТҚЫЗЫ, ЖАС МАМАН: Құрметті ардагерлер өздерінің еңбек жолы туралы көп ақпарат берді. Өзіміз үшін темір жол саласында жаңа ойларымыз, жаңа мотивациялар да пайда болды. Темір жол саласы жайлы тереңірек білдік десе болады. Алла жазса, осы қарттардың ізбасарлары біз болғандықтан, болашақ – біздің қолымызда. Сондықтан темір жол саласының дамуына үлкен үлес қосуға ниеттенеміз.

РКС: Темір жол саласының жас мамандары ардагерлерге Қазақстанның темір жол жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін алғыстарын жеткізді. Аталған саладағы алдыңғы буынның көп жылғы еңбегі мен адалдығының арқасында бүгінде терміжол торабы дамудың даңғыл жолында, – деп атап өтті жас мамандар.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫМБЕК, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ