ДИКТОР: Облыстық мәслихаттың депутаттары жұмыс тәртібінде 2025-2027-ші жылдарға арналған аймақтық бюджеттің жобасын талқылады.
РКС: Алдағы үш жылға арналған бюджетті жан-жақты зерделеу және келіп түсіп жатқан бюджеттік өтінімдерді саралау депутаттық корпусқа жүктеліп отырған басты міндет. Бюджет өңірдің әр тұрғынының өмір сүру жағдайының жақсаруына тікелей әсер етеді.
СНХ: МАРАТ ҚОЙШЫБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТ ЖӨНІНДЕГІ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Бүгін біз 6 бағыт бойынша облыс бюджетінің жобасын қарап отырмыз. Құрылыс, денсаулық, білім беру, ауыл шаруашылығы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және энергетика, автомобиль жолдары.Ең өзекті нысандар. Тұтастай алғанда бюджеттің 1,6 есеге өскенін байқаймыз.
РКС: Бюджетті жан-жақты талқылау кезінде халық қалаулылары аймқатық жобаларға ерекше назар аударды. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Алмагүл Шұғырмақова ең алдымен өткен жылдары қолға алынған жобалар қаржыландырылатынын атап өтті. Содан кейін барып қана жаңа жобаларға басымдық берілмек.
СНХ: АЙДЫН ТӨРЕБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР ЖӨНІНДЕГІ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Жаңа жобаларды бастамауымыздың себебі бар. Бюджетке түзетулер енгізілу деген ұғым бар. Ал оның соңы жобаның қымбаттауына әкеліп соқтырады. Мәселен, мектептің құрылысы 2-2,5 миллиард теңге болса, түзетулер енгізгеннен кейін оның құны 40-50 процентке өсіп кетуі мүмкін. Оның ақылға сыйымсыз екенін біз түсінеміз.
РКС: Салалық 6 басқарманың басшысы қаржыландыру үшін өз жобаларын ұсынды. Ол басқармалардың қаржысы облыс бюджетінің басым бөлігін алады. 2025-2027 жылдарға арналған бюджет жобасына 700-ден астам жоба келіп түсткен. Жалпы сомасы 425 миллиард теңге. Салыстырмалы түрде айтсақ, былтыр 289 миллиард теңгеге 500-ден астам өтінім түскен. Мамандар сол тұста да бюджет қаржысының тапшылығы болғанын айтады.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, АРДАҚТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ