ДИКТОР: Көкшетауда «Қыз тәрбиесі-ұлт болашағы» атты бойжеткендерге арналған семинар өтті. Шараға жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері қатысты.
РКС: Өскелең ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіріумен қатар ұлттық мәдениетпен дәстүрлерге құрметпен қарауға тәрбиелеу. Отбасының ғана емес, бір рулы елдің, бүтін бір ұлт болып қалыптасуына әсер ететін тұлға ана. Ал бүгінгі бойжеткен ару-ертеңгі ана, асыл әже. Демек, ұлт тағдыры мен болашағы бұрымдылардың қолында. Бойжеткендерге тәлім-тәрбие беру арқылы қазақтың ұрпағы тәрбиеленеді.
СНХ: АЙГҮЛ НҰРМАҒАМБЕТОВА, «СЕНІМЕН БОЛАШАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Бұл семинардың тақырыбы кездейсоқ таңдалған жоқ. Өйткені, бұл өзекті. Бүгін біз түрлі тақырыпты қозғаймыз. Әрине, қазір жастардың жаман әдеттерге бой алдыруы жиілеп кетті. Психоактивті заттарды көп қолданады. Қыздар білімді болумен қатар, рухани әлеуетін де байытуы керек. Өйткені, олар болашақта ұрпақ тәрбиелейтін жандар.
РКС: Шараға «Шанс» кәмелетке толмағандарды әлеуметтік-психологиялық құқықтық қолдау орталығының мамандары, облыстық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының өкілдері, дәрігерлер қатысып, бойжеткендерге кеңестерімен бөлісті. Сондай-ақ мамандар қиындыққа тап болған жасөспірімдердің өмірін мысалға келтірді. Дәрігерлер бойжеткендерді бала және ана денсаулығы жайлы ақпараттандырды.
СНХ: МЕРУЕРТ ЕРКІНҚЫЗЫ, Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: Қыз баласының тәрбиесінен яғни отбасы тәрбиесі одан алды Отан тәрбиесі яғни ұлт тәрбиесі соған бағынышты болып табылады. Сол себепті ең бірінші қыз тәрбиесіне назар аударғанымыз жөн деп ойлаймын. Жалпы осы семинардың бәзге әкелетіні мол, беретіні де мол. Сол себепті осы іс-шараға келіп отырған жағдайымыз бар.
РКС: Семинарға қатысушылар отбасы құндылығы және шаңырақтағы ананың рөлі туралы құнды мәліметтер алды. Арулар медициналық, психологиялық, құқықтық қорғалу жағынан білімдерін кеңейтті. Жиында студенттер өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына жауап алды.
САБИНА ЖАМШИТОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ