ДИКТОР: Көкшетауда VI республикалық "Қайырымдылық керуені" байқауының лауреаттары мен қатысушылары салтанатты түрде марапатталды. Шарада қайырымдылықпен айналысатын белсенді ақмолалықтардың ерлігі аталып өтілді.

РКС: "Қайырымдылық керуені" республикалық байқауы Тұңғыш Президент қоры мен Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының қолдауымен ұйымдастырылуда. Байқауға қайырымды іспен мен әлеуметтік, қоғамдық мәселелерді шешуге үлес қосып жүргендер жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.

СНХ: РАУШАН ТҰРАНОВА, «ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КЕРУЕНІ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ: Байқауға өтінімдерді қабылдау 1 қазан мен 20 желтоқсан аралығында өтті. Кейін біз өтінімдерді сұрыптап, әр номинация бойынша бір қатысушы Республикалық байқауға жіберілді. Ал, алғыс айту күні Республикадық байқауда әр өңірдің үздік қатысушылары марапатталды. Жыл сайын біздің аймақ алдынғы қатарда тұр. Ең қызығы біз облыстың түкпір-түкпірінен адамдарды іздейміз, шалғайда жатқан елдімекендерге ерекше назар аударамыз.

РКС: Байқау жеңімпаздары 5 номинация бойынша анықталды. "Асар" номинациясы халық дәстүрін сақтай отырып, қайырымдылық қызметпен айналысатындарға беріледі. Білім беру, экология және абаттандыру, мәдени орындарды қалпына келтіру бағытында "Туған жер" номинациясының иегерлері анықталады. Ал, "Мейірім жолында" номинациясы белгілі бір уақыт аралығында тұрақты тегін көмек көрсететіндерге арналған. "Батыл жүрек" атағы ерліктері мен жанқиярлығы үшін беріледі. Ал, "Қайырымдылық тарихы" номинациясында қайырымдылық тақырыбын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялаған журналист немесе шығармашылық ұжым марапатталады.

 ИНТЕРШУМ:

СНХ: МАРАТ ЫСҚАҚОВ, «БАТЫЛ ЖҮРЕК» НОМИНАЦИЯСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ: Мені қарт адамдарды құтқарғаным үшін, "Батыл жүрек" номинациясына қатысуға шақырды. 19-шы қазан №10 мектептің жанындағы тұрғын үйден өрт шықты. Өртеніп жатқан үйде қарт адамдар қалып қойған екен. Далада тұрған қалың жұрт үйде ата мен әже бар екенін айтқанда, әрине тілсіз жауға қарамастан оларды құтқаруға бел будым. Ол кезде адреналинді бір сөзбен айтып, жеткізу мүмкін емес. Шынымды айтсам, өзім сондай ерлікке баратынымды күтпедім.

РКС: "Қайырымдылық керуені" байқауы шынымен де ерекше назар аударуға тұрарлық жоба. Бүгінде бұл байқау қоғамдық игілікке елеулі үлес қосып жүрген жандардың батырлығын айқындауға арналған алаңға айналды. Сондай-ақ, өзге де жандарды қоршаған әлемді жақсырақ етіп, қоғамға белсенді қатысуға шақырады.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫМБЕК, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ